Түбек теміржолшылары ортасында  

Жаңалықтар
03.04.2018, 14:43
Оқуға 1 мин
 Өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова, Тарас Хитуов, Ерлан Барлыбаев Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде болып, теміржолшылармен кездесті. Кездесу Президенттің бес әлеуметтік бастамасымен таныстырып, түсіндіруге  арналды. Сапар мақсатына сай сөз алған мәжілісмендер Мемлекет басшысының әрбір бастамасын жеке-жеке тарқатып, халық үшін береріне тоқталды.      – Елбасы осы бағдарламаны халыққа қолжетімді ету үшін нақты тапсырма берді. Үкімет соны қалай орындайды, сондықтан да сіздердің орталарыңызға  келіп,  пікірлеріңізді біліп, Үкімет мүшелеріне, министрлікке жеткізу – біздің мақсатымыз. Сауалдарыңыз, уәждеріңіз болса, оны да тыңдауға әзірміз, – деді депутат   Б.Хаменова. Өзге халық қалаулылары да бастамадағы денсаулық, білім алу, т.т. игіліктер жайын сөз етіп, сондай-ақ Т.Хитуов "көгілдір отынға" мұқтаж өңірлердің газ мәселесін шешу туралы, Е.Барлыбаев "7-20-25" бағдарламасы бойынша айтса, И.Унжакова табысы төмен жұмысшылардың жалақысына қолданылатын салықтық жеңілдік жөнінде ақпар берді.      Теміржолшылар атынан Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нәжімеден Ғұбашов пен өңірдегі теміржолшылар кәсіби одағының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов сөз алып, мәжілісмендерді аймақ теміржолындағы жаңалықтардан құлағдар етті.      Жиыннан кейін халық қалаулылары бөлімшені аралап, диспетчерлік орталық жұмысымен танысты. 

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды