Теңдік – теміржолшылар игілігінде

Жаңалықтар
06.04.2018, 15:10
Атырауда мұнай тасымалын оңтайландыру мақсатында қолға алынған ірі жоба – Теңдік станциясын қайта жаңарту жұмыстары түгелдей аяқталып, өткен жылдың тамыз айынан бастап өңір теміржолшыларының басқаруына берілді. Атырау мұнай өңдеу зауытына келетін вагон-цистерналар енді Теңдік станциясынан әрі қарай зауыттың сұрыптау станциясы арқылы өткізіледі. Арнайы жоба бойынша салынған зауыт ішіндегі Промышленная станциясында 11 жол бар. Вагондар сонда сұрыпталады. Пойыз бұрынғыдай Ақжайық станциясына соқпай, Теңдіктен зауыттың сұрыптау станциясына тікелей келеді де, әрі қарай зауытқа жол тартады. Осылайша Теңдік пен Промышленная станциясы бір-бірімен қоян-қолтық жұмыс жасауда. Зауыт станциясы Теңдікке толық құрамды пойыз дайындап береді, соңғысы оларды жан-жаққа таратады. Жоғарыда айтқанымыздай, Теңдік станциясы 2017 жылдың тамыз айынан бастап Атырау магистаральдық желі бөлімшесіне қарайды. Теңдік пен Мақат станциясының телімі 118 шақырымды құрайды. Олардың аралығында Қарабатан, Ескене, Доссор станциялары мен разъездер бар. Мақат әр тарапқа жол тарайтын желілік станция болғандықтан, жан-жақтан жүк және жолаушы пойыздары сол арқылы өтеді. Өндірісте – тек озық технология Теңдік станциясының бастығы Болатбек Меңдешов – тәжірибелі маман. Еңбек жолын пойыз құрастырушыдан бастап, станция кезекшісі, жетекші инженер, салалық ревизор, Атырау станциясында бас инженер, Атырау жол бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымдарын атқарған. Яғни теміржолды, оның салалық жұмыстарын өте жақсы біледі, бейнелеп айтқанда «майын ішіп, жілігін шағады» деген сөз. Сондықтан да оған осындай алып станцияны басқаруға сенім артылып отыр. Бұрын тәулігіне 15-20 вагон тиелген болса, бүгінде станцияда тәулігіне 240 вагон тиеліп, 30-40 вагон жүк түсіріледі. – 4-ші класты Теңдік станциясы ҚТЖ теңгеріміне қабылданып, станцияның өткізу қабілеті бұрынғыдан бірнеше есеге артты. Станцияда соңғы технология бойынша жабдықталған «МПЦ-И» орталықтандырылған басқару пульті орналасқан су жаңа ғимарат бой көтерді. Ол – әрі станция вокзалының әкімшілік кеңсесі. Онда станция бастығы, станция кезекшісі, оператор, вагон қараушылар, байланысшы, жолшылар, электр энергиясымен қамту, кеден, басқа да қызметкерлер үшін арнайы бөлмелермен жабдықталған. Дербес газ, су, жарық, кәріз жүйелері жүргізілген. Қысты күнгі суықта үнемі далада жүретіндіктен, жолшыларға арнап жылынатын бөлме де салынған. Станция аумағында жоғары матчталы, биіктігі 25 метрлік 17 дана жарық бағандары орнатылған. Оның әрқайсысында 8 прожектордан бар, сонда барлығы 136 прожектор станцияға күндізгідей жарық беріп тұр. Басқасын айтпағанда, бұл ең алдымен күні-түні тынымсыз еңбек етуші вагонқұрастырушылар үшін өте жақсы болды,- дейді станция бастығы. Станция басында бұрынғы 2 жолға қосымша жаңа 2, 4, 6-шы 3 қабылдап-жөнелту және 1 құрастыру жолы салынған. Олардың жалпы ұзындығы 5690 метрді құрайды. Бұл станцияның өткізу қабілетін бұрынғыдан бірнеше есеге арттырғаны анық.  Бүгінгі таңда, магистральдық қатынасты есептемегенде, Атырау мұнай өңдеу  зауытына тәулігіне 19 жұп пойыз қабылдап-жөнелтіледі. Станциядағы пойыздар қозғалысы, маневр жұмыстары, вагон қабылдап-жөнелту монитор арқылы автоматты түрде бақыланып отырады, бұл станция кезекшілерінің жұмысын едәуір жеңілдеткен. – Сонымен қатар, 9 дана бағыттамалы бұрма іске қосылып, олар автоматты түрде ажыратылып, қосылады. Станция басында қуаттылығы 50 киловатт алып дизель генераторы бар ғимарат салынған. Егер жарық сөніп қалған жағдайда, генератор автоматты түрде қосылып, станция жұмысына «жан» береді, жұмыс тоқтамайды. Сондай-ақ 37 жаңа светофор орнатылды. Радио, телефон байланысы, станция паркіне таралатын дыбыскүшейткіш, машинистермен байланыстың бәрі соңғы үлгідегі қондырғылар арқылы жабдықталған. Қысқасы, станция соңғы технологиялармен жабдықталған үлкен өндіріс алаңына айналды. Мұнда қазір жұмыс көлемі өте қомақты, – дейді Б.Меңдешов.   Жас мамандар жұмысқа тартылды  Теңдік станциясында бүгінгі күні 62 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде 6 пойыз құрастырушы, 5 станция кезекшісі, 13 жүк кассирі, 15 тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, 13 жүк-багаж қабылдаушы, 4 белгі беруші, 5 ЭВМ операторы, 1 тауар кеңсесінің бастығы бар. Бұрын 10 шақты адам болған станция ұжымы бүгінде 50-дің үстінде жаңа мамандармен толықты. Жаңа жұмыс орындары ашылып, ондаған жас мамандардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік ашылды. Солардың бірі  тауар кеңсесінің бастығы Дина Тұрақбайқызы станцияға келген вагон, түсірілген-тиелген жүктер құжаттарының талапқа сай дұрыс рәсімделуін қадағалайды. Ал станция бастығының орынбасары Азамат Мұздақов та жұмысты пойыз құрастырушыдан бастаған, Ақжайық станциясында инженер болып жұмыс істеген. Ол да өз ісін жетік білетін, талай сыннан өткен маман әрі Ақжайық станциясындағы мұнай өңдеу зауыты мамандарымен бірлескен жұмыс тәжірибесі де бар, енді соны жаңа жұмыс орнында пайдалануда.   Табыс көзі – тынымсыз қозғалыс Станция басында әр уақытта қайнаған тірлік. Станциялықтар тынымсыз қозғалыс табыс көзі екенін жақсы біледі. Станция бастығы таңертең ертемен жұмысқа келгеннен қанша вагон келді, қанша кетті, қайда жөнелтілді деген секілді ақпарды жинап, бөлімшеге есеп береді. Сонан соң, бүгінгі күнге қанша пойыз-вагон қабылдауға мүмкіндігі барын хабарлайды. Тиісті мамандармен жедел жиын өткізіп, нұсқаулықтар береді. Сонан соң желі бойына шығып жолды тексереді. Түстен кейін тағы да келіп-кеткен пойыздар жұмысы қайта сараланады. Станцияда тәулігіне 240 вагон тиеліп, 30-40 вагон жүк түсіріледі. Тиелген жүктер Атырау, Мақат, Ақсарай станцияларына жөнелтіледі. Соның ішінде Мақат пен Ақсарайға вагондар Зауыттан толық құрамда шығады, 60-70 вагоннан. Ал сұрыпталатын вагондар Атырау станциясына жіберіліп, сол жерден Мақат, Махамбет, Ақжайық станцияларына беріледі. Мақат станциясына дизель, бензин, бензол сынды ашық түсті өнімдер жіберілсе, Ақсарайға мазут, вакуум газойл, кокс өнімдері кетеді. Ол бағытта 5 СКД-6 қытайлық маневр тепловоздары өнім тасымалдайды. Келген бос цистерналардың жарамдылығы тексеріліп, Промышленная станциясына беріледі. Онда «Батыс-Петролеум» ЖШС-нің Жуу-булау станциясы керек цистерналарды жуып, эстакада астына тосады. Яғни қай станцияда да жолға май ағу фактісі жоқтың қасы. Ол бір жағынан экологиялық талаптарды сақтайтыны рас. Жалпы, Теңдік станциясының 12 кірме жолы бар. Оларда да жүк түсіріліп-тиеледі. Міне, станция бастығы осы жұмыстардың қай-қайсысының да күн ұзағына басы-қасында.  Өткен екі айда жүк тиеу көлемі 85,8 пайызға, жүк түсіру 93,3 пайызға орындалған. Станция арқылы 12 жұп жолаушылар пойызы да өтеді. Атап айтқанда, Атырау-Астана, Атырау-Алматы, Атырау-Маңғышлақ, Атырау-Ақтөбе, Москва-Душанбе, Саратов-Ташкент, Волгаград-Ташкент, Москва-Худжант сынды халықаралық пойыздар да өтеді. Теңдік елді мекенінде бүгінде 50 шақты отбасы тұрады. Олар, негізінен, Теңдік станциясында еңбек еткен зейнеткер-теміржолшылар және бүгінгі күні еңбек етіп жатқан солардың ұрпақтары.  

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Аймақтар
27.11.2024
Кырағы күзет қызметінің сарбаздары
Жүк тасымалы
27.11.2024
Транзиттік вагондар ағыны артты
Әлемде
27.11.2024
Румынияда алғашқы Coradia Stream пойызы іске қосылды
Жүк тасымалы
27.11.2024
Құрық портындағы жаңа астық терминалы экспортқа мүмкіндік ашады
Жаңалықтар
26.11.2024
Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады
Жаңалықтар
26.11.2024
2029 жылға дейін 5 мың км жол салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты
Жаңалықтар
26.11.2024
Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды
Жүк тасымалы
26.11.2024
Достық станциясынан ҚХР-ға тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Жолаушылар тасымалы
26.11.2024
Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері
Жаңалықтар
26.11.2024
Ыстамбұлда ТХКБ дамуы талқыланды
Инфрақұрылым
26.11.2024
Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымын дамыту жалғасуда
Аймақтар
26.11.2024
Күзет мамандары үш тілді қатар меңгеруде
Аймақтар
26.11.2024
Станция басшылары біліктілігін арттырды
Станция тынысы
26.11.2024
Аймақтың бағын ашқан алып құрылыс
Инфрақұрылым
26.11.2024
Жолдарды жаңғырту – жауапты мәселе
Жаңалықтар / Мұрағат
26.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №100 26 қараша 2024 жыл
Жаңалықтар
25.11.2024
ҚТЖ Хорватия серіктестерімен байланысты нығайтады
Жаңалықтар
25.11.2024
Белгісіз біреулер Көкпекті – Нұра аралығындағы жолдан бекітпе болттарды ұрлап кеткен