Есепке жүйріктің есесі түгел
Семей темір жолында бұқаралық спорттың бірқатар түрлерінен көктемгі біріншілік болып өтті. Сайыс тақталы ойын түрлері бойынша «интеллектуалдар ойыны» болып саналатын шахматтан басталды.
Бұл байқауға іріктелген он үміткер қатысып өзара шеберлік сынасқан болатын. Ойшылдар ойынында бақ сынасқан кіл мықты бір-біріне есе бермей ұзақ арбасты. Олардың ойынын бақылаған жанкүйерлердің шыдамдарын тауысып, сағаттарға созылған сайыс нәтижесінде бас жүлдені магистральдық желі бөлімшесі техникалық бөлімінің инженері Ғалымбек Тортаев жеңіп алды. Ал екінші орынды бұрынннан мықты шахматшы ретінде танымал бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов иеленсе, үшінші орынды бөлімше директорының бірінші орынбасары Ғабит Есқожанов қанағат тұтты.
Ал командалық ойын бойынша жүк тасымалы бөлімшесінің шахматшыларына қарсылас шақ келген жоқ. Жеңімпаздар ақтық финалда 4:1 есебімен басым түсіп, есепке жүйріктің есесі түгел болатынын дәлелдеді.
Сол тәрізді ерлер арасында ұйымдастырылған үстел теннисі ойыны да көктемгі біріншіліктің шымылдығын ашты. Бұл сайысқа бөлімше бойынша 21 үміткер қатысып бақ сынасты. Теміржолшылардың психологиялық жеңілдену бөлмесінде өткен бұл сайыс та мейлінше тартысты әрі қызықты өрбіді. Қатысушылар жас айырмашылықтары бойынша үш топқа бөлініп сынға түсті. Спорттың жалпы бұқаралық түрі болмаса да теміржорлшылар арасында тенниске қызығатындар көп екені таң қалдырмай қоймады және онымен тұрақты түрде айналысатындар да бар болып шықты. Сайыста, әрине, солардың бағы жанды. Қорытынды есеп бойынша сайыс жүлдегері атанғандар қатарында ПЧ-40 мекемесінен Ілияс Несіпқамит, ШЧ-29-дан Рүстем Мұхаметжанов, ЖТ бөлімшесінен Ертарғын Ермековтер әдемі ойын үлгісін көрсетіп, таңдай қақтырды. Сонымен қатар, ойын барысында ерекше белсенділік танытып көзге түскен, жүлделі екенші орын алған спортшылар ТЧЭ-24 мекемесінен Жомарт Құрманбаев пен ПЧ-40-тан келген Ысқақ Көзбаевты атауға болады.
Спорттың ек түрі бойынша да жеңімпаздар жүлдесіз қалмады, кәсіподақтың демеушілігімен бәрі де арнайы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.
Көктемгі біріншілік мұнымен толастамақ емес. Алдағы уақытта кілең қыздардан тұратын командалар арасында әйелдер футболы ұйымдастырылмақ.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды