Дені саудың – жаны сау 

Жаңалықтар
10.04.2018, 12:27
«Бірінші байлық – денсаулық», тек соның қадірін үнемі біле жүрсек абзал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Атырау бөлімшесінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен теміржолшылардың денсаулығын қарау шарасы өтті.  Атырау теміржол ауруханасының терапевт, көз дәрігері және кардиология бөлімі мамандары екі жүзге жуық теміржолшының денсаулығын тексеріп шықты. Терапевт-дәрігер Құндыз Исмагулованың айтуынша, қаралған адамдардың бәрінің дерлік қан қысымы жоғары, басы ауырады, желке, омыртқа остеохондрозы белең алған. Бұл, біріншіден,  өңірдегі экологияның нашарлығынан болса, екіншіден, қозғалыстың аздығы, үнемі компьютер алдында отырғандықтан болып жатқан салдар. Сондай-ақ, офтольмолог дәрігер Жанар Мырзабекова барлық қаралушылардың көз көруі нашарлығын айтады, сондықтан да оларға сәйкесті рецепт жазып, көзілдірік алып киюге кеңес берген. Кардиолог маман Бибігүл Бақтығали да ЭКГ-дан өткізіп, жүректі сақтауға көп көңіл бөлуді айтады. Бөлімшенің акт жасақтаушы инженері Райгүл Дербисова дәрігерлерге қаралуға жұмыстан қол тие бермейтінін, дүниежүзілік денсаулық сақтау күні қарсаңында осындай мүмкіндік жасаған кәсіподақ ұйымы төрағасы Орынбасар Райсовқа бөлімше мамандары атынан алғысын білдіреді. «Дені саудың – жаны сау» дегендей, аурудың алдын алып, денсаулықты үнемі тексертіп тұру – әркім үшін қажет шара.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл