Назарда – теміржолшылар денсаулығы

Жаңалықтар
10.04.2018, 16:26
Атырау қаласынан алшақ жатқан станция маңындағы ауылдардың әлеуметтік жағдайы әлі де оңалып кете қойған жоқ, соның ішінде «Болашақ» зауытына жақын орналасқан елді мекендердегі экологиялық ахуал мәз емес.  Себебі,  зауыттан шыққан түтін мен күкірттің иісі Карабатан, 496-разъезд, Таскескен, Ескене станциялары тұрғындарының денсаулығына қатты әсер етуде. Өткен сенбі,  7 сәуір –  дүниежүзілік денсаулық күніне орай осы мәселе бойынша арнайы құрылған облыстық комиссия мүшелері Ескене станциясында   жергілікті тұрғындар – теміржолшылармен кездесті. Жиынға Атырау қаласы мен Мақат ауданы әкімшілігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өкілдері, «НКОК» компаниясы, мәслихат депутаттары қатысты. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығы Ы.Абаев жергілікті тұрғындардың  ұсыныс-пікірлерін жеткізді.   Бұл ауылдарда негізінен теміржолшылар тұрады, халықтың дені теміржол саласында жұмыс істейді. Қашаған мұнайы құйыла бастаған «Болашақ» зауыты жылына 22, 5 млн тонна мұнай және 6,2 млрд текше метр газ өңдейді. Мұнай өңдеу жүйесі тәулігіне 450 мың баррельге немесе жылына 22,5 млн тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді. Ол мұнайды сусыздандыруды және тұрақтандыруды, меркаптанды жоюды, «Қашаған» кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу кезеңінде сақтауды және экспортқа жөнелтуді қамтиды. Жылына қуаты 6,2 млрд текше метрге дейін газ дайындайтын жүйе, отын мен күкірт ретінде сұйытылған газды да қоса алады.Ал, қышқыл газдан қарапайым күкірт өндіріледі. Күкірт сутегінің ауаға таралуы экологияны нашарлататыны айтпаса да түсінікті.   Жоғарыдағы төрт ауылдың да тұрғындарының айтуынша, зауыттан орналасу қашықтығы әр түрлі болғанымен, бәрінің проблемалары бір. Ең алдымен ауаның бүлінуі денсаулыққа үлкен зиянын тигізуде: жағымсыз иістен адамдардың қан қысымы жоғарылап, басы айналып, жүрек нашарлауда. Содан да болар, ауылда ауру, өлім-жітім көп. Сонан соң ауылда су, газ жоқ, балабақша мен мектеп, емхана деген екібастан жоқ. Жолдың сапасы өте нашар. Мектеп жасындағы балалар Атырау қаласындағы Бесікті ауылы мен Доссордағы интернатта жатып оқиды. Оларды апта сайын тасымалдаудың өзі қиындық тудыруда. Дүкен деген атымен жоқ, азық-түлікті жұрт қаладан тасымалдайды. Көлігі барларға жеңілдеу болғанымен, көлігі жоқтарға тіптен қиын. Ауылдан қалаға арнайы автобус қатынамайды. – Мен осы ауылдың байырғы тұрғынымын. Бүкіл өмірім теміржолда өтті, бүгінде зейнеткермін. Бірақ еңбектің зейнетін көреміз деген шағымызда мынадай қиындықтарға тап келіп отырмыз. Зауыт салынғалы бері халықтан маза кетті, мал жұтады. Газ өзімізден шығып жатыр, ал біз әлі күнге көмір жағып отырмыз. Денсаулығымыз күннен-күнге нашарлап барады, – деген  ауыл ақсақалы, «Құрметті теміржолшы» Мырзақара Хасановтың айтуынша, көпшіліктің тілегі ауылды көшіру көрінеді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қазір баяғыдай жайылым жоқ, шөптер уланған, тіпті толып жүретін дала түзі – қасқыр мен қарсақ та жоқ боп кеткен. Жағымсыз иіс пен лас ауадан олар да қашқан тәрізді. Тіпті көктегі құс та қырылып, бары зауыт аумағынан айналып ұшады екен. Станциядағы жүк қабылдап-жөнелтушілер күкірт тиелген вагон нөмірін жазып, жұмыс орнына қайтып келгенінде, киімге сіңген иістен, қасындағылардың сол сәт басы айналып кететінін айтады. Қарабатанда – 34, 496-разъез бен Таскескенде – 10 шақты, Ескенеде – 40-тың үстінде үй, төрт ауылда барлығы 600-дей тұрғын бар. Территория жағынан алдыңғы екеуі қалаға, соңғылары Мақат ауданына қарайды. Бірақ оларды қалаға көшіру оңай шаруа емес екен. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері аталған ауылдар аумағында экологиялық мониторинг жүргізетін 4 станция орнатылғанын, олар ауада қауіптілік бар деп көрсетпей тұрғанын, сол себепті ауаның үздіксіз ластануы дәлелсіз дегенді алға тартады.  Екіншіден, аталған ауылдар «Қауіпті санитарлық аймаққа» кірмейді екен. Зауыттан жеті шақырымға дейін кіреді де, одан әрі қарайғы аумақ қауіпті саналмайды. Бірақ жағымсыз иіс пен күкірт шаңы жеті түгілі жетпіс шақырымға да жетіп жатқанын жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Амал қанша, ауылдардың қазіргі статусы не санитарлық зонаға жатпайды, не болашағы жоқ ауылдарға жатпайды. Көшірудің  заңды механизмі жоқ, бюджетте ауылды көшіруге қаражат та қаралмаған. Жиында ауыл тұрғындары осы зауытты салған НКОК компаниясына елді көшіруді және қаладан үй салып беруді жүктеу қажет деген ұсыныс айтты. Бірақ, бұл да күрмеулі нәрсе көрінеді, өйткені санитарлық зонаға жатпағандықтан олар келіспеуі мүмкін. Алайда, зауыт өзінің аумағын кеңейтіп, алға қарай жаңа қосымша нысандар салуды көздейтін де тәрізді. Ескене станциясы маңында сондай бір ғимарат бой көтеріп жатыр. Демек, зауыттың санитарлық аймағы ұзаруы да мүмкін. Бірақ қашан? Теміржолдың бойында тіршілік еткен төрт ауыл тұрғындарының бүгінгі тағдыры, міне, осылай шешілмей тұр...  

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде