Сенімді әлеуметтік серіктес
«Қазақстан темір жолы» компаниясының сенімді әлеуметтік серіктесі. Бұл – «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ қызметіне берілген баға. Ол туралы Астанада осы бірлестік ұйымдастырған «Ынтымақтастық. Ортақтастық. Жасампаздық» атты бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының форумында айтылды.
300-ден астам кәсіподақ өкілдері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің кәсіподақшылары, теміржолшылар қатысқан екі күндік форум мақсаты сала қызметкерлері арасында өзара байланысты дамытып, тәжірибе алмасу, олардың қызметін белсенді ету, болашақ жоспарларды талқылаумен қатар биылғы Елбасы Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасын кеңінен насихаттап, түсіндіру болды. Форумды сөз сөйлеп ашқан ҚРКФ төрағасы Бақытжан Әбдірайым «Қазпрофтранс» ҚБ жұмысына жоғары баға берді.
– Өз миссиясын белсенді атқарып отыр. Жұмыс берушінің сенімді әлеуметтік серіктесі. Жұмыс беруші қашан да алдымен кәсіподақ пікіріне құлақ түреді. Өйткені ол – жұмысшылармен арадағы, солардың барлық талап-тілектері мен мұң-мұқтажын жақсы білетін, екі арада дәнекерлік көпір орнатқан ұйым. Бұл міндетін «ҚТЖ» компаниясының кәсіподағы өте жоғары деңгейде орындап отыр, – деді ол өз сөзінде.
Сонымен қатар ол Елбасы Жолдауы мен оның бастамаларындағы тапсырмаларды орындау үшін бірлесе атқаратын жұмыстар туралы атап өтті. Әсіресе Президенттің еңбек қатынастарына, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделеріне қатысты кәсіподақтарға жүктелген жауапкершілік, осы саладағы түйінді мәселелер туралы да баяндады. Өйткені жаһандану кезеңінде әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен еңбек қатынастарын реттеуге атсалысу, сол арқылы капиталды дамыту – кәсіподақтар алдындағы зор міндет. Ол сондай-ақ барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бірлікте еңбек етіп, олардың қызметін жаңа белеске көтеру жайын қозғады.
Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Имашев ұлттық компания кәсіподағы елдегі ең ірі кәсіподақ ұйымы екенін атап айтты.
– Көліктік-логистикалық холдинг болып танылатын ұлттық компаниямыз жұмысшыларымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қолайлы еңбек жағдайын жасауға белсенді атсалысып отырған «Қазпрофтранс» ҚБ жұмысы мен бастамаларын қашан да толығымен қолдайды. «Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкерлері өз кәсіподақтарының мықты әрі сенімді екенін жақсы біледі. Біздегі барлық әлеуметтік мәселелер кәсіподақпен бірлесе шешіледі. Өйткені бәріміз де кез келген компанияның әлеуметтік еңбек жағдайы, қызметкерлерінің мүдделік мәселелері оңтайлы шешілсе ғана, компания қызметінің де алға басатынын жақсы білеміз. Ол табысты даму кепілі болып табылады. Сондықтан бүгінгі форум осы саладағы кездесіп жатқан мәселелерді талқылап, шешуде ең бір бірегей сұхбат, пікірталас алаңы болары сөзсіз, – деді өз сөзінде компания вице-президенті.
Ал «Қазпрофтранс» ҚБ жұмысы мен жоспарлары туралы егжей-тегжейлі оның төрағасы Оразғали Ахметбаев баяндап берді.
– Салалық кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысына ерекше назар аударады. Біздің салалық кәсіподақтың құрылымы 13 филиалдан, 141 бастауыш ұйымнан және жергілікті кәсіподақтар мүшесінен тұрады. Салалық кәсіподақтар құрамында жүз мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар. Оның 93 пайызы – теміржолшылар, – деді төраға.
Жиынның ресми бөлімі жабылған соң форум қатысушыларының ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшыларымен кездесулері өтті. Форумның екінші күнінде халықаралық сарапшылар, ҚР КФ қызметкерлері тыңдалып, кәсіподақтың Орталық кеңесі аппаратының басшылығымен және мамандарымен кездесу өткізілді.
Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды