Көресіні төрттұяқтыдан көрдік...

Жаңалықтар
13.04.2018, 12:07
Оқуға 2 мин
Маңғыстау жол дистанциясы қызметкерлерінің міндеті – әрине, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жағдайын күтіп ұстау. Алайда, олардың жұмысына кедергі келтіретін, жалпы пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін бір нәрсе бар. Ол – сол баяғы ауа жайылған төрт түлік мал.           Дистанция мамандарының айтуынша, теміржолшылар ішкі істер желілік бөлімі, Маңғыстау облысы бойынша көліктік және су бақылау инспекция қызметкерлерімен бірлесе мал иелерімен үнемі жүргізетін профилактикалық жұмыстар жүргізетініне қарамастан тұяқтылардың тепловоздың алдына шығуы азаяр емес. Соның салдарынан бірінші тоқсанда Маңғыстау локомотив депосының машинистері 18 оқыс тежеу берген. Біреуінде мал басылған. Мамандардың дерегінше, бір шұғыл тоқтаудың өзі 0,050 кг жанармай шығындайды екен. Сондықтан дистанцияда 02-31 сәуір аралығында жарияланған «Абайла! Жолда мал!» айлығы осы келеңсіздікпен күресті тағы да күшейткен. Айлықтың алғашқы күндері теміржолға жақын ауыл әкімдіктеріне, ауыл жұртшылығының малын бақылауда ұстауы жөнінде, атап айтқанда Қызылтөбе, Баянды, Дәулет, Маңғыстау ауылдарының әкімдеріне хат жазылыпты. Мұндай үлгідегі хат теміржол маңындағы өзге ауыл биліктеріне де ұдайы жіберілетін көрінеді. Малға қарсы салынған қоршаулардың бұзылып, сынған бөліктеріне жөндеу жұмыстары басталмақ.      – Көресіні осы төрттұяқтылардан көрдік. Жолды малдан қоримыз деп жолшыларымыз  бақташыға айналатын болды, – деп күйінеді дистанцияның жетекші жол инженері Ержан Артықбаев, – дистанцияға қарасты жолдардың 388 шақырымында малға қарсы қоршаулар бар. Биыл соның 40 шақырымында бүлінген жерлері қайта жасалып, жаңартылмақ. Ірі қара негізінен №14-15, №14-Шетпе-13, №11-10 бекеттері,Өзен-Жетібай, Өзен-Бастау аралықтарында теміржолға жиі шығады. Жолдағы қоршау сымдар үзіліп, бағаналары құлап жататын жағдайлар да жиі кездеседі. Мұны малын өткізу үшін адамдардың өздері де істеуі мүмкін. Одан өзге малдар да кіріп, теміржол көлігіне кедергі келтіреді. Жыл басынан бері сондай жерлердегі мал иелерімен арнайы кездесіп, тиісті жұмыстар жүргізудеміз. Қараусыз мал үшін ҚР  Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 30-тарау 559-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын тағы ескертеміз.

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды