Төрт айлық қорытындыланды
Маңғыстау теміржолында өткен жылдың 15 желтоқсаны мен ағымдағы жылдың 15 сәуірі аралығында жалғасқан «Бүйірлік рамаларға бақылау» айлығы аяқталып, қорытындысы шығарылды.
Еске сала кетсек, науқанның өткізілу себебі соңғы уақыттары пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне үлкен қауіп тудырып отырған және жиі кездесіп жатқан ақаулар бүйірлік рамалардың сынуы болатын.
Бұрын да жазғанымыздай, айлық аясында Маңғыстау вагон пайдалану депосы бойынша бүйірлік рамаларға және вагонның басқа да маңызды құрылымдарына қатысты ақаулар аз анықталған жоқ. Кез келген жарық, сынық мұқият тексеріліп, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кінәраттар есепке алынды. Тарқатып айтсақ, төрт айдың ішінде бүйірлік рамадан – 4, букс торабының жылжуымен байланысты – 9, сондай-ақ КВЗ-И2 арбашығынан 1 ақау анықталды.
– Букс торабындағы соңғы ақау 2 сәуір күні Маңғыстау станциясында №24496770 вагонының №70845 жұп доңғалағынан, бүйірлік рамасындағы 12 ақпанда Маңғыстау станциясында пойызды техникалық тексеру кезінде №95088803 вагонынан кездескен еді. Олардың барлығы уақытылы ағымдағы ағыту тұйығына жеткізіліп, ағытылды және толық жөнделіп шықты. Сондай-ақ сол ақауларды тапқан 12 вагон қараушы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-на марапаттауға ұсынылды, – дейді депо басшысы Сәрсенбай Есенқұлов.
Оның сөзіне сүйенсек, жұмыс нәтижесін жақсарту мақсатында депода 10 күн сайын «Қауіпсіздік күні» өткізіліп тұрады екен. Сонымен қатар күнделікті жұмыс әрбір ауысым алдында пысықталып, жұмысшылармен техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар жүргізіледі.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды