Машина құрастырушылар одағына мүше болды

Жаңалықтар
20.04.2018, 15:02
Оқуға 2 мин
Ақтөбе рельсқарқалық зауыты Қазақстан машина құрастырушылар одағына мүше болды. Бұл туралы аталған одақ басқармасының төрағасы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаевтың өңірге сапары кезінде белгілі болды. Жергілікті кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде елдегі машина құрастыру және металл ұқсату барысы талқыланды. Шараға облыста жұмыс істеп жатқан 20 компания қатысып,  кәсіпорын өкілдері өз мәселелерін ортаға салды. Билік тарапынан қолдау керектігін жеткізді. Аймақтағы кәсіпорындарға жазбаша түрде одақтың атына хат жазу ұсынылды. Өйткені, қордаланған мәселелерді шешуге олардың өздері мүдделі болуы керек. «Шараның мақсаты Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" тақырыбындағы Жолдауына негізделген. Барлығыңызды белсенді араласуға шақырамын. Отандық машина құрастырудың одан әрі дамуы үшін тәжірибелік ұсыныстар жасау мүмкіндіктері мол», – деді Мейрам Пішембаев. Кездесуде кәсіпкерлер машина жасау секторын қаржыландыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құралдары саласындағы проблемалық мәселелер, кәсіпкерлік субъектілерінің қарамағындағы қорғаныш құрылыстарын қамтамасыз етудің қиындықтары туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, бірқатар әлеуметтік мәселелер де айтылды. Мәжіліс депутаты аталған мәселелерді Мәжіліс қарауына және ҚР Премьер-министріне жолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы машина жасау саласындағы кәсіпкерлердің жұмысында кездесетін мәселелерді жинақтап, Қазақстанның Машина жасаушылар одағына жолдайтын болады. Бұл сұрақтар осы жылдың қыркүйек айында өткізілетін Машина жасаушылардың IV форумында талқыланбақ. Айта кетейік, Ақтөберельсарқалық зауыты – бұл Қазақстандағы дифференциалды беріктелген жоғары сапалы рельстер және орта пішінді илек шығаратын бірегей кәсіпорын. Зауыт ұзындығы 120 метрге дейін жоғары сапалы термоберіктелген рельстер шығарумен ерекшеленеді, бұл рельстер жоғары жылдамдықты қозғалыс желілерінде және жүктелімі аса жоғары желілерде қолданылуға қолайлы. Ұзын рельстерді және рельстік дәнекерлеу сабақтарын қолдану нәтижесінде пойыздар қозғалысының кедергісі төмендейді, қозғалмалы құрамның тозуы азаяды және жол күтіміне шығындар төмендейді. Осы ретте жалғамалар жоқ жолға көшкен жағдайдағы пойыздар қозғалысының кедергісі 5-7% азаяды, жалғама жіктерінің болмауы есебінен бір шақырым жолдан төрт тоннадай металл үнемделеді. Өнім халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды