Ұлы Жібек жолының сүрлеуімен...

Жаңалықтар
20.04.2018, 15:25
Оқуға 3 мин
Ежелгі Тараз қаласы, көне Жібек жолының бойында жатқан Жамбыл өңірінде тарихи мұраға айналған жәдігерлер өте көп. «Айша бибі», «Қарахан», «Тектұрмас әулие» және «Ақыртас» кесенелерінің қай-қайсысы болсын аймақты туристер үшін танымал ететін нысандар. Осы тарихи кешендерді тамашалауға келетін туристердің дені болат жол қызметін пайдаланатыны тағы белгілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында туризмді дамыту мәселелері бойынша қолға алынған шаралар қатарында өңірдегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштің бірі Ақыртас құрылыс кешеніне назар аударылып отыр.   Осы бастама қолға алынғалы «Теміржолшылар уақытында, яғни ғасырлық жоба «Түркісіб» теміржол құрылысына Ақыртас кешенінің тастарын пайдаланды. Енді соны қайтаратын уақыт жетті...» деген қауесеттің тарағаны рас. Осы мәселені зерделеу барысында өткен ғасырдың басындағы, яғни «Түркісіб» теміржол құрылысы кезіндегі бірқатар тарихи құжаттарға үңілген едік. Ол құжаттарда ғасыр құрылысы жұмысын жүргізу үшін қолда бар барлық құрылыс материалдарын пайдалану қажеттігі жазылады. Атап айтқанда, Луговой, Ақыртөбе, Ақшолақ станциялары маңында жүрген құрылыс жұмыстарына осы маңдағы карьерлердің материалдарын пайдаланған. Социалистік дәуірдің тасы өрге домалап тұрған ол кезде тарихи құндылықтарымыз бен көне жәдігерлерімізге назар аударған ешкім болмады. Енді, сол ғасыр құрылысына Ақыртас тарихи кешені маңынан пайдаланған тастар анықталатын болса, ол тастар жәдігер ретінде тарихи кешен аумағына кері қайтарылуы мүмкін.   –  Жамбыл өңірінде туризм кластерінің дамыту мақсатында қолға алынған бұл жоба теміржолшыларға да үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Жұмыс еселенгенімен, мұның бізге берер пайдасы мол. Талай ғасырлар бойы көптеген елді байланыстырып жатқан «Жібек жолы» қайта жаңғырды десек те болады. Өйткені, «Түркісіб» ғасыр құрылысы негізінен осы «Жібек жолының» бойында салынды. Ата-бабаларымыз арман еткен бұл жол бүгінде Қазақстанды алыс-жақын шет елдермен байланыстырып отыр. Теміржол транзиттік көлік дәлізіне айналды. Экономикалық көрсеткішіміз артты. Ел әлеуеті көтерілді. Ұлттық компания жыл сайын даму жоспарына сәйкес Жібек жолы бойымен әлемнің барлық елімен байланысып отыр.  Жүк тасымал көлемі артып, транзиттің әлеуеті тасыған осындай кезеңде Жамбыл өңіріне келетін туристердің де саны артатыны анық. Болат жолдың қызметін пайдаланатын туристерге де жоғары деңгейде қызмет көрсетуге дайынбыз. Өйткені, Жамбыл облысы еліміздегі тарихи ескерткіштер көп орналасқан аймақ, - дейді Берік Сағымбекұлы. Айта кетейік, жуырда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аймақтағы көне жәдігер – Ақыртас тарихи кешенінде болып, сапар барысында аймақта туризмді дамыту мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ үшжақты Меморандумға қол қойылған болатын.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды