Қауіпсіздіккке – қатаң талап

Жаңалықтар
24.04.2018, 15:25
Теміржолда қауіпсіздік бойынша жасалып жатқан сан алуан жұмыстарға қарамастан болат жолда мал мен жанның жарақат алуы, мерт болуы сынды  келеңсіз оқиғалармен қоса, жол үстінде бөгде заттардың жатуы, пойыз бен автокөліктердің соғысуы, тауарлы-материалдық құндылықтардың жоғалуы сынды жағымсыз жайттар да азаймай отыр. Бұл мыңдаған адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, теміржолға орасан зор материалдық шығындар келтіруде.         Осыған орай жыл сайын сәуір айында құрылымдық теміржол мекемелері, мемлекеттік органдар өкілдерінің басын қосып «дөңгелек үстел» өткізетін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы қауіпсіздік жиынын биыл да ұйымдастырып, өзекті мәселенің өткір тұстарын талқылап, бірлесе шешуге тырысты.       «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының қауіпсіздік бойынша орынбасары Рысбек Ахметбековтің айтуынша, олар теміржолдағы қауіпсіздік мәселесіне жергілікті атқарушы органдарды араластыруға тырысуда. Елді мекендерді ортасынан қақ жарып өтетін темір жолы бар станциялардағы тұрғындардың теміржолды кесіп өтуі әдетке айналған. Пойыз жолы мен автокөлік жолы түйісетін өткелдер де сол халық жиі қоныс тепкен жерлерде. Сол сияқты мал басу фактілерін азайту үшін теміржолға жақын ауылдар халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ереже бұзғандарға жаза қолдану мәселелері де біржақты шешілетін жұмыстар емес. Р.Ахметбеков әкімдіктермен бірлескен жұмыстардың оң нәтиже беріп жатқан тұстарын  айта келіп, Атырау, Қызылорда, Дегелең сынды бірқатар станцияларда жолаушылар өткелдерінде бейне регистраторлар жергілікті әкімдіктер күшімен қойылып, Павлодар, Бейнеу станцияларында жолаушылар өткелі де әкімдіктер күшімен салынғанын айтты.           Ал ұлттық компанияның қауіпсіздік департаментінің директоры Нұрлан Мағзұмбеков былтыр 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Департамент бойынша былтыр қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 183 оқиға тіркеліпті, 2016 жылы 190 болған. Көрсеткіш 7 оқиғаға азайған. Департамент директоры жалпы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу фактілері азайғанымен, соның ішінде адам басу фактілерінің артуы алаңдатып отырғанын жеткізді. – 2017 жылғы оқиғалардың ішінде жол-көлік оқиғасының саны 14 болса, адам басу 68 оқиға болып тіркеліп, алдыңғы жылдан 14 оқиғаға артқан. Ал мал басу фактісі 98 оқиға болып, бұл 2016 жылдан азайған. Сонымен қатар 3 рет жолда бөгде заттың жатуы тіркеліп, ол да 9 фактіге төмендегенін көрсетеді, – деді департамент басшысы.          Сонымен бірге олар былтыр жоспар бойынша ұлттық компания мен көліктегі ІІД-мен бірлесе біраз жұмыс жүргізген екен. Теміржол нысандарында жүріп, жолға бөгде зат қойып кететін, әйнек сындыратын, қаңғыбас, қараусыз кәмелет жасқа толмағандарды анықтау, балалар жарақат алушылығының алдын алу үшін желілік тәртіп сақшылармен бірге 989 рет рейд ұйымдастырылған. Жол тәртіп сақшыларымен бірге автокөлік жүргізушілерінің теміржол өткелдерінен өту ережесін сақтауын қадағалау бойынша 2977 бірлескен рейд жүргізілген және соның барысында 859 заң бұзушылық анықталған. Сондай-ақ станцияларда 19239 жиын өткізіліп, 100 мыңнан астам адамның қатысуымен мектептерде түсіндіру жұмыстары өткен. Мал ұстайтын ауыл халқымен түсіндіру жұмыстарынан бөлек теміржол бойына малға қарсы қоршау қою да маңызды шаруаның бірі. Былтыр жоспар бойынша шаруашылық тәсілімен 300 км жолға малға қоршау жүргізу көзделген болса, ол артығымен орындалып, қоршау 355,6 км-ге дейін салынған. Сонымен қатар 600 км малға арналған қоршауды жөндеу жоспарланған болса, іс жүзінде 882,1 км қоршау жөнделген. Ал биылға жоспар бойынша 650 км кем емес қоршауға жөндеу жүргізу көзделуде. Шаруашылық тәсілімен 300 км кем емес қоршау салу жоспарлануда. Теміржол арқылы көпшілік өтетін жолдарда 567 ескерту белгісі қойылып, олардың бұрыннан бар 725-і жаңартылған. Өткелдерде 438 плакат ілінген. «Қауіптілігі жоғары аймақтардан азаматтардың өту ережесі» атты бейнеролик 11 теміржол вокзалында көрсетіледі. Ал компанияның өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті өкілі Константин Колесников бекітілген шаралар жоспары арқылы жасалған жұмыстармен таныстырды. Мәселен, теміржолда жарақат алу фактілерін болдырмау және оның алдын алу үшін халықаралық тәжірибе зерттелген. Жергілікті атқарушы органмен бірлесе күзетілмелі аймақта және теміржолға өте жақын жердегі аймақтарда құрылыс жүргізбеу бойынша жұмыстар жасалған. Магистральдық желі бойынша жолаушылар өткелі мен төсемдер салу қажеттілігі туып тұрған 18 телім анықталған.              Дөңгелек үстелге теміржолшылармен қатар әскерилендірілген күзет қызметі, Көліктегі ІІМ өкілдері, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті, МАИ төрағалары, басқа құзыретті мекеме қызметкерлері қатысып, қауіпсіздікті сақтауға байланысты алда атқарылар жұмыстар жайын кеңесті. Қауіпсіздік талаптарын қатаңдату қажеттігі сөз болды. Жиын соңында барлық қатысушыларға дөңгелек үстелдің ұсынымы берілді. Осы ұсынымдар және жиында айтылған ұсыныстар негізінде 10 күн ішінде хаттама толтырылып, соған сай әр қатысушы өзінің қосар ұсынысын жолдауы керек. Ұсынымда «ҚТЖ» компаниясы, құзыретті мемлекеттік органдар және магистральдық желінің ішінара бөлімшелері жұмыс топтарының өз қызметі шеңберіне сай атқаратын жұмыстары көрсетілген.  Ал мемлекеттік органдар тарапынан теміржол көлігінде азаматтардың қауіпсіздік ережесін бұзуына қатысты әкімшілік заңды қолдану тәжірибесін жетілдіруі күтіледі.  Сонымен қатар теміржол өткелдерінде заң бұзушылықтың алдын алу үшін жол полициясы жұмысын жандандыру қажет, т.т.  шаралар тізбегі ұсынылған.        

 Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде