Сәуір – тазалық айы
Көктем келіп, күннің көзі көрінісімен түбектік теміржолшылар да тазалық айлығын бастап кетті.
Жуырда олар Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің төңірегіндегі күл-қоқыстарды жинап, ғимараттың шарбағын мұмтаздай тазартты.
Сенбілікке бөлімше қызметкерлері түгелге жуық қатысты. Олар жаз болса жайнай түсетін бөлімше алдындағы ағаштарды ақтап, түбін қопсытып, жаңадан жас шыбықтар отырғызды. Гүл егіп, жасыл желектердің қураған бұтақтарын кесіп, мекеменің бақшасын көз тартар көрініске келтірді.
– «Сәуір болмай – тәуір болас» демекші, жаймашуақ көктемнің келгенін енді сезініп жатырмыз. Тазалық шарасына аймақ теміржолшылары бір кісідей қатысты. Мұндай сенбіліктер ай бойы жалғаса беретін болады, – дейді «Нұр Отан" партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы "Маңғыстау темір жолы" бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Дүйсәлиев.
Облыс орталығы Тараз қаласында өтіп жатқан қала аумағын тазалау, абаттандыру екі айлығына әулиеаталық теміржолшылар да белсене қатысып отыр.
Сәуір айының басында басталған елдік шараның аясында әр сенбі сайын жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылып, ЖТ-Жамбыл бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелерінің қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда төбе көрсетіп келеді. Мысалы, өткен сенбіде ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің қызметкерлері Байзақ батыр көшесіндегі бағаналарды толық сырлап шықты.
– Әр мекемеге бөлінген аумақтар бар. Қала тазалығына атсалысу – біздер үшін міндет. Ал жоғарыдағы Байзақ батыр көшесінде теміржол мекмелерінің көп орналасқан және мұнда теміржолшылар да көп тұрады. Сондай-ақ, алдағы мамыр мерекелеріне де дайындық осы тазалықтан басталмақ, – дейді ЖТ-Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков.
Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Шахизат Сарина,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды