Ынталандыруға ұсыныс берді
Көктемгі комиссиялық байқауда жақсы нәтижемен шыққан Жамбыл вагон пайдалану депосының басшылығы өзгерді. Жаңа басшы Марат Мырзахметов депоның өндірістік-шаруашылық жұмыстарының өнімділігін арттыруға басымдық беріп отыр.
Атап айтқанда, «Бүйір рамаларының ақауын бақылау», «Жүк және жолаушылар пойызының автотежегіштері құрылғыларын жақсарту» айлықтарын жоғары деңгейде өткізуге басымдық берілді. Тек ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 174 жүк және жолаушылар вагонынан, 78 қаламаңы тасымалы вагондарынан ақау анықталған. Депоға қарасты екі үлкен техникалық қызмет көрсету пункті Сары-Шаған, Шу станцияларында орналасса, түйіспелі Луговой, Тараз станцияларында техникалық қызмет көрсету пункті және Тараз, Шу станцияларында екі вагон жөндеу пункті бар.
– Ағымдағы жылдың үш айында бірқатар жұмыстар атқарылды. Станция басшылары және кірме жол иелерімен станция жолдарында тексерістер жүргізілді. Наурыз айында ГОСТ 22235-2010 құжат нормативі бойынша Тараз, Бурыл, Шайқорық, Талас, Құмшағал, Шу, Луговой, Қарату, Жаңатас, Сары-Шаған, Боранды, Аса станцияларындағы вагондар тексерілді. Сондай-ақ, вагондарды құрастыратын сұрыптау дөңестерінің жылдамдығын, өндірістік ахуалын анықтауда Тараз станциясында тоғыз тексеріс болып, бір кемшілік анықталды. Шу станциясында алты тексеріс болса, Луговой станциясында жеті тексеру болды. Күн сайын Тараз, Шу, Луговой сынды өңірдегі ірі станциялар басындағы сұрыптау парктері мен вагон құрастыру алаңдары бақыланып отырады. Наурыз айының өзінде отыз рет тексеріс болып, бес кемшілік анықталған.
– Ал рационализаторлық ұсыныстар беру жоспары бірінші тоқсанда жоспар бойынша орындалып отыр. Айына екі рет техникалық оқулар жүргізіліп тұрады. Бірінші тоқсанда «Бүйір рамасы» және «Букс қорабы суық қалпында» ақаулары бойынша ақау тапқан вагон қараушыларды ынталандыруға ұсыныс жібердік. Атап айтқанда, Шу, Тараз, Луговой және Сары-шаған ваогндарға техниалық қызмет көрсету пунктерінде еңбек ететін бір топ вагон қараушы-жөндеушілер: Жасұлан Өмірбеков, Талғат Әмірбеков, М.Абжанов, Бауыржан Кулумбетов, У.Мустафаев, М.Ахметов, Р.Нұрмағамбетов, Н.Кошекбаев, А.Иманбаев, К.Нуриев, А.Нурманов , Б.Оразымбетов , Б.Терликбаевтар еңбектерін ерекше атап өтуге болады, – дейді Жамбыл вагон пайдалану депосының бастығы Марат Мырзахметов.
Арсен БАЙЗАҚ, Тараз
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды