Ең бастысы – еңбек адамы
"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялары тобы құрылымын ықшамдау барынша білікті әрі байыпты түрде жүргізіледі. Бұл туралы 26 сәуір күні Астанада өткен XIII халықаралық НR-конференциясында айтылды.
Таяуда "Самұрық-Қазына" қоры жаңа Даму стратегиясы мен Трансформация бағдарламасын бекіту барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқару деңгейлерін қысқарту керектігін нұсқағаны белгілі. Осылайша, Қор құрамына кіретін компаниялар саны 332-ден 179-ға дейін қысқартылып, басқару деңгейі күрделі 5-6 деңгейден 3-ке дейін азаймақ. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» Қорының басқару құрылымы ыңғайлы әрі ұтқыр күйге түспек.
Ал жоғары оқу орындарын аяқтаған жас түлектерге қызметте өсіп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін "Жас өркен" бағдарламасы одан әрі көкжиегін кеңейтпек.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының жетекшісі Марал Марасилов та HR-конференциядан көп нәрсе алғанын, теміржол саласында кадр қорына айрықша назар аударылатынын, осы мақсатта көптеген оқыту, жеке тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, біліктілікті көтеру іс-қимылдары жүргізілетінін әңгімеледі.
Сонымен қатар, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы ұйымдастырған «Жаңа замандағы Қазақстан: Industrial relations» панельдік сессиясында да еңбек-әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер қарастырылды.
Шара барысында өндірістегі ішкі коммуникация мен еңбек қатынастарындағы соңғы жаңалықтар, өнеркәсіптік өзгерістер кезіндегі қажет дағдылар жайы талқыланды. Келелі кеңесті Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры, әлеуметтік ынтымақтастық және стратегиялық коммуникациялар жөніндегі сарапшы, психолог, іскерлік басқару маманы Ербол Исмаилов жүргізді.
Шараның басты сөз тізгіндеушілері мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық құрылымдардың стратегиялық сала басшылары, ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ғалымдар және «Самұрық-Қазына» қорының сарапшылары болды.
Тәңірберген АРҒЫН
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды