Кемшілік те, жетістік те бар

Жаңалықтар
27.04.2018, 16:19
Оқуға 3 мин
ЖТ-Жамбыл бөлімшесі бойынша көктемгі комиссиялық байқаудың қорытындысы бойынша жиын өтіп, оған Жамбыл бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелерінің басшылары қатысты. Алқалы жиынды Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов ашып, бірінші болып  Жамбыл учаскесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі департаменті бас бақылаушының орынбасары Нұрлан Шалғынбаев хабарлама жасады. Ол алдымен көктемгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша төртінші санаттағы станция қызметкерлерінің жолаушылар пойызын қабылдап-өткізу бойынша қозғалыс қауіпсіздігін ескеруде станция бойынша 2 ТРА нұсқаулығының 2,12 бөлімінің талаптарын ескере бермейтінідігін сын тезіне алды. –  Сондай-ақ екінші санаттағы станция басшылары станция қызметкерлерімен профилактикалық шараларды жоғары деңгейде жүргізе алмай отыр. Осындай олқылықтар станция басшыларының техникалық сабақтарды да дұрыс ұйымдастыра алмауынан деп білемін. Локомотив шаруашылығы бойынша машинист-нұсқаушылармен локомотив бригадаларымен де профилактикалық жұмыстардың кемшін екендігін анықтадық. Ал вагон шаруашылығы бойынша техникалық қызмет көрсету бекеттерінің жұмыс процесінде техногендік қателіктер анықталды. Сонымен қатар жол және жол құрылымы шаруашылығы бойынша Шу, Жамбыл, Түлкібас жол дистанциялары басшылары және Жамбыл магистарльдық желі бөлімшесімен орта буын басшыларының ПУ-28,29,30 кітаптары тексеріле бермейтіндігі белгілі болды. Көктемгі комиссиялық байқау қорытындысымен белгі беру және байланыс шаруашылығы бойынша Бел, Луговой станцияларында екі тосқауыл қою шарасы жүргізіліп, үш қызметкер қайта аттестациядан өтуге жіберілді. Бір қызметкерден түсініктеме алынды. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда төрт заң бұзушылыққа артық жол берілген, – деп мәлімдеме жасады Нұрлан Айтбекұлы. Бұдан кейін сөз алған бөлімшенің Бас инженері Анатолий Ким 3-13 сәуір аралығында өткен көктемгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша Тараз, Луговой, Маймақ, Боранды, Шайқорық, Аса, Жаңатас, Сары-Шаған, Бел станциялары мен Жамбыл локомотив пайдалану депосының басшылары тарапынан жіберілген кемшіліктер анықталғандығын алға тартты. «Бұл басшылар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басшылық тарапынан кемшіліктер жіберген. Нормативтік-техникалық құжат айналымдарында да олқылықтар кездескен. Техникалық оқулардың өз деңгейде жүргізілуіне де назар аудармаған. Жіберілген кемшіліктердің орнын толтыруда да олқылықтар қайталанып отырған. Жамбыл локомотив пайдалану депосы бойынша жанар-жағармайды үнемдеу шаралары басшылық тарапынан қадағаланбайды. Дегенмен, Жамбыл бөлімшесі бойынша кей салаларда ілгерілеу бар. Бөлімше қыстан аман-есен шығып, жазғы жұмыстарға толық дайын. Және көктемгі комиссиялық байқау барысында орын алған кемшіліктерді жою мерзімі белгіленіп, басшыларға тапсырмалар берілді. Бұл жұмыстар бөлімше басшысы тарапынан қатаң бақылауда болады» - деді ол. Ал Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Жұмағали Урсаров көктемгі комиссиялық байқауда НЖС бойынша 960 ескерту беріліп, 9 тосқауыл қою шаралары болғанын айтып өтті. Және комиссиялық байқау қорытындысымен 57 адам тәртіптік жазаға тартылғанын да тілге тиек етті. Жиында бірнеше олқылықтар жіберген Жамбыл электрмен жабдықтау, Шу жол, Шу белгі беру және байланыс дистанцияларының басшылары мен Луговой станциясының бастығы, Жамбыл локомотив пайдалану депосының өкілі кемшіліктерді жоюда қолға алған шараларын баяндады. Сондай-ақ, Жамбыл учаскесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі департаменті бас бақылаушысы Әлиасқар Байтамаев пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін еңсеруде жіберген кемшіліктер алдымен мекеме немесе кәсіпорын басшыларының жауапкершілігі екендігін айтып өтті. Жиынды қорытындылаған бөлімше директоры аталған кемшіліктерді түзеу үшін әрбір мекеме басшысының алдында үлкен жауапкершілік тұрғандығын және ол олқылықтарды реттеуде біліктіліктері мен білімдері сынға түсетінін ескертті.  Жиында тек кемшіліктер жіпке тізілмей, жетістіктер де сөз болды. Көктемгі комиссиялық байқауға үлкен жауапкершілікпен келген мекемелер мен жеке теміржолшылардың аты аталып, марапат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.      Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды