«Bilim Alemi/Education word» халықаралық көрмесі – Шымкентте
Жақында Шымкент қаласындағы Көрме орталығында өткен халықаралық «Bilim Alemi/Education word» көрмесіне Шымкент темір колледжі де қатысты. Көрмеге Мәскеудің «Теміржол көлігі саласындағы оқу-әдістемелік орталығы» мамандары келіп, соңғы шыққан теміржол саласындағы кітаптармен таныстырғаны жаңалық болды.
«ҚР теміржолшылары кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент ЖТ бөлімшесіндегі төрайымы Нағима Салықбаеваның мұрындық болуымен көрмеге аймақтағы кітапханашылар, Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Ғылыми-техникалық ақпараттық талдау орталығының меңгерушісі Ләззат Жарымбетова мен Арыс кітапханасынан Гүлбаһрам Шынтасова, Түркістан кітапханасынан Құрбанкүл Әубәкіровалар арнайы келіп қатысты.
– Біздің кітаптарда көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың барлық әдіс-тәсілдері егжей-тегжейлі жазылған. Шетелде өтетін көрмелерде кітаптарымыз жоғары бағаланып жүр. Қазіргі таңда жаңадан еніп жатқан логистикалық көлік саласын ұйымдастыру тәсілдері де қамтылған. Санкт-Петербург мемлекеттік жол қатынастары университетінің проректоры Т.Титованың зерттеуімен «Өндірістік қауіпсіздік» кітабы шығып, ол Халықаралық IV кітап байқауында сапасы мен мазмұны жағынан бірінші деңгейлі дипломға ие болды. «Орысша-қазақша-ағылшынша теміржол техникалық сөздігі» кітабының да маңызы жоғары. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бүгінде қолға алып жатқан бизнестің жоспарлау үдерісіне қатысты кітаптар да бізден табылады. Онда экономикалық тиімділікпен қатар, менеджмент, маркетинг тұрғысынан жұмыс істеуді ұйымдастырудың тәжірибелік жағы да қамтылған, – деді аталған орталықтың өкілі Александр Слепян.
Орталықтың директоры Ольга Старых электронды сайттарында тек кітаптар ғана емес, шағын деректі фильмдердің де барын айтты. Әсіресе «алғашқы қыстаушылар» үшін онда барлық мәліметтер көрсетіліпті. Жақында «Теміржол жайлы жалпы курс» деп аталатын электронды оқулық шықпақ.
Қонақтар әкелген кітаптар өткел кезекшісінен бастап, станция кезекшісіне, жолшыға, жол шеберіне, жол бригадиріне арналған. Арасында қауіпті жүктерді тасымалдау, еңбек қорғауды сақтау, теміржол құрылысындағы автоматтандыру мен механикаландыру салаларына арналған жеке кітаптар да бар.
Шымкент көлік колледжінің аға оқытушысы Нұржан Бертаев халықаралық көрмеге қатысу арқылы оқу орнының танымалдығы арта түскенін айтады. Сәуірдің 28-іне колледж ғимаратында жылдағыдай «Ашық есік» күндері өтпек. Оған қаладағы 70-ке жуық мектеп оқушылары келіп, танысып, осында білім алудың жолдарымен таныспақ. Айтуынша, өткен жылы колледжді бітірген түлектердің 68 пайызы жұмыспен қамтылыпты. Жазда 23 баланы «Patentes TalgoS.L.» испан компаниясының технологиясымен жолаушылар вагонын шығаратын кәсіпорынның Алматы мен Астанадағы техникалық базасына жұмысқа орналастырған. Осы сәуірде олардың қатары тағы алты түлекке көбейген. Колледжге 2016 жылы 200 студент қабылданса, 2017 жылы 230 студентке жеткен. Биыл 300 студент қабылданатыны жоспарлануда.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды