Атыраудан Ақсарайға дейін...

Жаңалықтар
15.05.2018, 15:52
Оқуға 2 мин
Қозғалыс қауіпсіздігі – қашан да маңызды шара. Әсіресе, локомотив шаруашылығы бұған аса сақтықпен қарайды. Атырау локомотив пайдалану депосының өндірістік-техникалық бөлім бастығы Айдар Қонарбаевтың айтуынша, депода өткен төрт айда қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайы тіркелмеген. Атыраудан  Ақсарайға дейін бір шеті, Құлсарыға дейін екінші шеті созылған теміржол телімінің бойында қозғалыс қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтау машинистер қанына сіңген қағидаға айналғалы қашан.  Дегенмен,  жол бойында бағусыз жүрген малдың кесірінен машинистер тепловозды 8 рет шұғыл тежеуге жол берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 жағдайға аз. Абырой болғанда мал басу оқиғасы тіркелмеген. 3 айда тоннакилометр жұмысы техникалық жоспар бойынша 102,84, индикативті жоспарда 106,92 %-ға орындалған. Жүк тасымалы 2041,708 ткм бруттоны құрап, жоспар 109 пайызға орындалыпты. Локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 2212 мың ткм.брутто болып, 101,75 пайызды құрады. Әрине, локомотив өнімділігі пойыз салмағының артуы, жүрісі, станцияларда пойыздарды реттеу, локомотив паркін тиімді пайдалану сынды фактілерге де байланысты. Аталған жұмыстар дұрыс жүргізілсе, локомотивтердің жүрісі де жақсарады. Үстіміздегі жылдың І тоқсанында барлығы 1655 жүк пойызы тасымалданған, оның ішінде 399-ы – ауыр салмақты пойыздар. Мұнда да жоспар артығымен орындалып отыр. Бүгінгі күні Атырау локомотив пайдалану депосының тіркелім паркінде 15 пойыздық және 12 сериялы, барлығы 27 тепловоз бар. «Дженерал-Электрик» 2ТЭ10МК сериялы модернизацияланған тепловоздар да қолданыста. Жолаушылар және жүк тепловоздарының қызмет көрсететін телімі Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары аралықтарын қамтиды. Депода ай сайын «Еңбек қорғау» күні өткізіліп, кестеге сәйкес локомотив бригадалары, жүргізушілермен техникалық сабақтар өткізіліп келеді. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқаудан өтіп, жұмысшылар арнаулы киіммен 100 пайыз қамтылса, жұмысшы-қызметкерлерге электр қауіпсіздігі жөнінде аттестация өткізіліп, локомотив және цехтар медициналық құрал-жабдықтармен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Локомотив шаруашылығы бойынша орын алған әрбір жазатайым оқиғалар жоспарлау мәжілістерінде үнемі және уақтылы талқыланып, депоның барлық қызметкерлерімен жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізіледі. Басшылар мен машинист нұсқаушылар еңбек қорғау жұмысына қатысу нормативтерін орындау мақсатында бекітілген кестеге сай Атырау-Ганюшкино-Ақсарай, Атырау-Мақат-Құлсары учаскелеріне апта сайын шығып, локомотивтердегі еңбек қауіпсіздігі жағдайын, локомотив бригадаларының еңбекке қабілеттілігін тексеріп отырады. Өткен үш айда локомотив бригадаларында үздіксіз жұмыс режимін бұзу жағдайы орын алмаған.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

 
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды