Еңбек қорғау – ел назарында

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:08
Оқуға 3 мин
Ақтөбе теміржолшылары түрлі жылдары өндірісте жұмыс барысында мерт болған еңбеккерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін олар марқұм жандардың қандай жағдайда қаза болған бақытсыз оқиғаларын еске алып, алдағы уақытта мұндай жазатайым жайттарды болдырмау үшін қандай іс-шаралар легі қолға алынып, жасалынып жатқанын талқылады. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер Лаура Әлжанова жас теміржолшылардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, оқудан еңбекке,    жастық шақтан ересек өмірге қадам басқан жас мамандар еңбегін қорғауды жақсарту керек. Бұл да бақытсыз оқиғалардың алдын алу және жұмысшылар денсаулығының күрт нашарлауын болдырмау мақсатында жасалып отырған шаруалар. «Жер бетінде 18-24 жас аралығында 540 миллионнан астам жас жұмысшы бар делік. Бұл барлық жұмыс күшінің 15 пайызы. Ал өндірісте жарақат алатындардың үлесі 40 пайызды құрауда. Жас мамандардың өндірістік жарақат алмауы оларға жасалған қолайлы еңбек жағдайы мен еңбекке сауатты бейімдеуіне байланысты болмақ», - дейді Лаура Әлжанова. Жетекші инженердің пайымынша, қайғылы жайттардың басты себептері - жауапты тұлғалардың тарапынан жұмысты дұрыс ұйымдастырмау, өндірістегі персоналды жеткіліксіз оқыту, жастардың еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзуы, басшылық тарапынан еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасының сақталуын тиісті деңгейде бақылауға алмауы, жауапкершіліктің жоқтығы тағысын тағылар екен. « Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы саясаты жұмысшының жарақат алуы мен денсаулығының нашарлауына  жол бермеуге бағытталып отыр. Сондықтан, тәжірибелі мамандар мен бөлім жетекшілерінен сұрайтынымыз – жастар жұмысқа тұрғанда, оларға білмегендерін үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлісіп,  еңбекке баулуға атсалыссаңыздар екен. Сондай-ақ, жұмыс барысында болуы ықтимал  қауіпті факторлар туралы да ескертіп отырсаңыздар деймін. Адам денсаулығы мен өмірі - ең бастысы», - дейді еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер. Техникалық бөлім басшысының орынбасары Қобылан Бектұрғанов өндірістегі жайттарды тізбелеп, өткен жылы қандай жайттар болғанын айтып берді. Оның айтуынша,  2017 жылы Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі бойынша  29 келеңсіз оқиға тіркелген. Оның ішінде 9 факт есепке алынған. Ал көп жағдайда, жұмысшылардың өздері қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау салдарынан өндірістік жарақат алған.  Тіпті, көп жыл тәжірибесі бар адамдар да өндірістік жарақат алған оқиғалар да кездескен. Олардың басты айыбы, өздеріне барынша сенімділік танытып, қырағылықты жоғалту екен. «Бақытсыз оқиғалардың көбісі, пойыз құрастырушылары арасында болады. Бір адам көз жұмды. Дөң станциясында қайғылы жайт тіркелді. Көңілге кірбің салар мұндай оқиға локомотив шаруашылығында да болды. Қандыағашта сумен жабдықтаушы да бақытсыз жағдайға тап болды, - дей келе, Қобылан Бектұрғанов жиналғандарға бейнеролик көрсетіп, бақытсыз жағдай болғанда қандай алғашқы көмек көрсету керектігі туралы әңгімелеп берді.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды