Теміржол маған бәрін берді...

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:20
Атбасар – теміржолшы кәсібін ертерек игерген жер. Мұнда теміржолшылардың бірнеше ұрпағы ауысып үлгерді. 41 жылдан бері туған станциясында  вагон шаруашылығында  еңбек етіп келе жатқан Виктор Онищенко – теміржолшылар әулетінің жарқын өкілі. Ол таяуда Бүйір рамасына байланысты өткен айлық кезінде астық тиелген жүк вагонының бүйір рамасынан 11 мм-лік екі ақау тауып, кезекті рет қауіптің алдын алды. Айлық аясында тапқан күрделі ақауына сыйақы тағайындау әлі де жүруде. Виктор Онищенко бәз біреулер секілді еңбегін бұлдап көрген жан емес. «Мен таптым, ар жағын басшылық өздері біледі» дейді еш саспастан өз ісінің білгірі. Мектепті тәмамдаған соң Ленинградқа барып, теміржол техникумының  вагон шаруашылығы  мамандығы бойынша білім алған Виктор Иванович 62 жыл ғұмырының қырық жылдан астамын осы сүйікті саласына арнаған. Әке-шешенің жолын қуып, тура солар еңбек еткен Атбасар станциясының вагон шаруашылығы саласына жұмысқа араласқаны күні кеше секілді еді. Сыныптай сырғып арада қырық жыл уақыт өтіп кетіпті. Анадан алтау туса да, отбасында әке-шешенің жолын қуған жалғыз өзі.     – Менің өмірімде Кеңестік кезеңнен бастап қаншама рет ақаулар табу, қаншама марапат алу болды. Талай рет марапат алдым, – дейді күлімсіреп. –  Бұл салаға еңбегім сіңгенін ешкімге жарияламаймын, өйткені, өзім қалаған мамандығым, сүйікті кәсібім, соны атқару – маған зор мәртебе. Осы өмірінде ағымдағы жөндеу шебері, аға вагон қараушы, тағы да басқа вагон ісінің жауапты қызметтерін атқарған теміржолшының зейнеткерлік жасы да жақындап келеді. Сондықтан ол бар білгенін кейінгі жастарға үйретіп кеткісі келеді, сондықтан болар шәкірттері де көп. Үш баланың әкесі, 6 немеренің атасы болып отырған ол өзін төрт құбыласы сай жанмын  деп санайды. Ал теміржол сізге не берді деп сұрағанымда: «Теміржол маған бәрін берді. Неге десеңіз, сонау 90-жылдардағы аласапыран кезде мен осы теміржолда еңбек етпей, басқа жақта қалғанымда білмеймін кім болып кететінімді. Сондай қиын кезеңдерде құламай, отбасымды асырап алып шығуым – осы теміржолдың арқасы», – деп еске алады кейіпкеріміз.  

Ұлан ОРАЗ

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды