Ғасыр жаңалығы – Астана
Семейлік ардагер, "Түрксіб-Семей" қоғамдық қорының төрағасы, қоғам қайраткері Мақсұт Көшжанов Астана тойына тамаша тарту жасап отыр. Ардагер еліміздің жүрегі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған "Ғасыр жаңалығы Астана" атты кітап шығарды.
Кітап алты бөлімнен тұрады. Əр бөлім уақыт талабына сай өмір ақиқаттарын өрнектейді. Кітаптың алғы сөзін жазған тарих ғылымының докторы, професор Болатбек Насенов еңбегіне азат елдің астанасын арқау еткен ақсақалдың еңбегін жоғары бағалайды. «Халқымыз қашанан көкірегі көмбе, ақылман ақсақалдарын ардақтай білген. Қазыналы қарттарымыз жасына лайық аузы дуалы, сөзі уəлі, ойы терең, ақылы телегей теңіз болады десек, артық айтқандық болмас. Бір ғана ақылман ақсақалдың əділдігі мен бəтуәлі сөзіне тұтас ауыл мойынсынған. Осылайша дала философиясымен ғасырлар бойы қаншама ұрпақ тəрбиеленді. Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылын тойлап өттік. Биыл 10 маусым 1998 жылдан құрыла бастаған Астанамыздың 20 жылдығының куəгері болып, əр қазақстандық өз қуанышын, осы жылдары өсу, өрлеу, өркендеуіне қосқан үлесім деп біледі. Əрине, қиыншылықтар да кездесті. Үлкен кедергілер де кездесті. Тұтастықты, бірлікті ту етудің арқасында бəрін де жеңіп шықтық. Бұл жолда Тəуелсіз Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін атап өткен жөн. Мемлекет басшысының биік пайым парасаты, білім, өмірлік тəжірибесі һәм сұңғыла саясаткерлігінің арқасында еліміз уақыттың қатал сындарынан сүрінбей өтті... Қазіргі таңда бейбітшілік бесігіне бөленген Қазақстан əлемнің мемлекеттеріне үлгі. Азаттықтың алғашқы екі онжылдығындағы еңбек еткен ағаларымыз бен аналарымыздың басым бөлігі қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көруде. "Ақылды қария – ағып жатқан дария" демекші, зейнетке шықса да, жас ұрпаққа демеу болып, білгенін үйретіп, ортамызда жүргені көңіл қуантады» дей келе, «...осындай ардагерлердің бірегейі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей белгі беру жəне байланыс дистанциясының ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлімшенің ардагерлер кеңесінің мүшесі, "НҰР ОТАН" партиясы бастауыш ұйымы саяси бюросының мүшесі, "Абыралы-Дегелең"қоғамдық қорының мүшесі, Семей темір жол бөлімшесі теміржолшыларының мəдени-тарихи, əлеуметтік дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған "Түрксіб-Семей" қоғамдық қорының жəне "Түксіб-Семей" мұражайының директоры Мақсұт Көшжановтың 20 жылдық қоғамдағы еңбегі ақиқат» деп баға береді.
1937 жылы Семей облысы Абыралы ауданында дүниеге келген Мақсұт Көшжанов – Семей теміржолындағы ең белсенді қарт теміржолшының бірі. Ардагердің осыған дейін де аймақтағы талай қоғамдық игі істерге ұйытқы болып жүргені назардан тыс қалған емес. «Темір жол мүддесі үшін еңбегіме ақы сұрамаймын, Тəуелсіз Қазақстанның тұғырлануына тарыдай болса да үлес қоссақ – арманның орындалғаны» дейді ардагер.
Лаура ТАСБОЛАТОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды