Сандық жүйеге көшуде
«Самұрық-Қазына» қоры компаниялары тобында цифрландыру бағдарламасы бойынша, жеке саланың өзінде, орташа алғанда елуден астам жоба қолға алынған.
Еске сала кетсек, «Қазақстан темір жолы» компаниясында 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы теміржол» стратегиясы жасалып, 21 жобаның екеуі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан орын алған. Стратегияда жүк, жолаушы, мультимодальдық тасымал, теміржол инфрақұрылымы, корпоративтік басқару мәселелері қамтылған.
Жуырда Қор басшысы Ахметжан Есімов пен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ұлттық компаниялар басшылары қатысқан кеңесте цифрландыру тақырыбы сөз болды. Жиын басында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Нұрлан Рахметов сандық жүйеге көшу бағдарламасының жүзеге асыруы жайында баяндап, Қордың қоржындық компанияларында осындай жобалардың көптігін жеткізді. Мысалы мемлекеттік емес бағдарламалар бойынша 51 жоба әзірленген.Осы орайда, шара барысында, Қор қарамағындағы жетекші компаниялардың басшыларыигілікті қадамдардың іске асырылуы жөнінде есеп берді.
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сандық жүйеге көшу жобаларының әрқайсысының нақты экономикалық тиімділікке ие болуы керектігін атап өтті. «Әрбір жоба бәсекелестік артықшылықтарға, тапсырыс берушілердің қанағаттануына, негізгі өндіріс тәуекелдерін жоюға, жаңа технологияларды жасауға, түбегейлі жаңа бизнес құруға бағытталған болуы тиіс және нәтижесінде кірістің өсуіне әкелуі қажет», – деді ол.
Асқар Жұмағалиев Қор компанияларындағы цифрландыру үдерісінің жақсы қарқынына нұсқап,тұтас елді сандық жүйеге көшіруде көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді. «Осы барлық бағдарламалар мен жобалар бүгінде «Сандық Қазақстан» бағдарламасына енген және қызметтеріңізбен нақты ақпарат алмасу орнатататын боламыз», – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Жиын қорытындысында,Ахметжан Есімов, Қор қоржынындағы компанияларда бизнес-үдерістердің дамуы мен сандық жүйеге көшуді тереңдету бойынша бірқатар тапсырмалар берді және нақты мерзімдерді белгілеп, оған жауапты қызметкерлері тағайындады.
Кемел МАРАТ
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды