Қыздар да футбол ойнайды
Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ерекше спорттық шара өтті. Мини-футболдан ұйымдастырылған командалық кездесуде кілең қыздар өнер көрсетіп, өзара шеберлік байқасты.
Мұндай сайыс бөлімше бойынша тұңғыш рет өткізілген болатын. Оған спортқа, оның ішінде футболға бейімі бар кіл бұрымдылар қауымы қатысты. Рас, өзіндік сауаттылықты, талап-ережелерді білуді міндеттейтін футболға қатысуға ынта білдіргендер аса көп бола қойған жоқ. Сондықтан болар, нәзікжандылар қауымы арасынан тек екі команда ғана іріктелді.
Осылайша, барлығы 14 ойыншыдан тұратын қос команда жасақталды. «Наурыз» аталған команда құрамында тек Семей ЖТ бөлімшесінің ғана қыздары ойнаса, «Союз» құрама командасы сапында Транстелеком, ӘТЖК, НЖС-6 қыздары бірлесіп бақ сынасты.
Ойын барысы мейлінше қызықты әрі тартысты өрбіді. Қыздардың ойынына сенімсіздікпен қарағандар да болды. Әйтсе де, қажетті жерде пас беру, айып добын соғу, ұжымдасып шабуылға шығу, қорғанысты бірлесіп күшейту, қарсыласты алдап өтіп қақпаға доп салу сынды әдіс-тәсілдерді бойжеткендердің де шебер меңгергендіктері айқын байқалып тұрды. Осылайша, жарысты тамашалауға келген жанкүйерлер қиқуы зал ішін жаңғыртып, ойын барысы шиеленісті өрбіді. Шабуылшы қыз Айгерім Тоқпанова бастаған бұрымдылар дүркін-дүркін қарсыластар қақпасына қауіп төндіре отырып, ойын барысын тартысты да қызықты әрі ширақ өрбітті.
Ойын қорытындысы бойынша «Наурыз» командасының қыздары 2:0 есебімен жеңіске жетіп, арнайы кубокты иеленді. Ал, кездесу соңында барша қатысушы ойыншылар кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды