Жолаушылар игілігі үшін
Семей темір жолы бойынша аймақтағы вокзалдар жұмысын жандандыруға көңіл бөлінуде. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың тікелей бастамасымен ағымдағы жылдың басынан бері бірқатар шаралар қолға алынған.
Ең бірінші кезекте жалпы ұзындығы 724 км бас жолды қамтитын бөлімше желісінің бойына тазалық шаралары ұйымдастырылды. Бұл ретте сенбіліктер айы саналатын сәуір айында барша теміржолшылар жұмыла жұмыс жасады. Әрине, шаһар қақпасы саналар вокзалдарға ерекше басымдық берілді. Мәселен, Аягөз вокзалының қызметкерлері сәуір айында әрбір сенбі сайын санитарлық тазалық шараларын ұйымдастырды.
– Өткен сәуір айы бойы сенбіліктер өткізілді. Вокзалдың ішкі-сыртқы келбетін эстетикалық талаптарға сай ету басты бағыт болды. Сосын, әрине, жолаушыларға көрсетілер сервистік қызметтер сапасын арттыру, түрін көбейту де көзделуде. Мамыр мерекесінен соң петуния, астра, раушан сынды жұпар иісті гүлдер отырғызуды бастадық. Астана қаласының 20 жылдығына орай жолаушыларға тосын сый әзірлеу де ойымызда бар, – дейді Аягөз вокзалының бастығы Жанар Көкебаева.
Бас қаланың мерейтойына орай орын алған тағы бір тың жаңалық сәуір айынан бастап №312-311 Семей-Қарағанды пойызының бағыты ұзартылып, Елордаға дейін қатынайтын болды. Бұл Ақтоғай-Шар телімі аралығындағы станциялар үшін бұрын-соңды болмаған айрықша тарихи оқиға болып отыр.
Сондай-ақ, жолаушылар нөпірі мол Семей және Жаңа Семей, Шар, Жаңғызтөбе станцияларындағы вокзалдарда да ағымдық жөндеу жұмыстары биыл ертерек қолға алынып, сенбіліктер өткізу жиілетілген. Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежановтың тікелей қадағалауымен вокзалдардағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шаралары да күшейтілуде. Жалпы, Астана тойы қарсаңында жолаушылар үшін жасалынатын қолайлылық әлі де арттырыла түспек.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды