Теміржол ойын алаңы емес, балалар...

Жаңалықтар
18.05.2018, 11:48
Оқуға 4 мин
Енді санаулы күндерден кейін мектеп оқушылары жазғы каникулға шығады. Әрине, осы қызықты кезеңге асыға жеткен ойын балаларының күндіз-түні қызық қуып, дала кезіп, ойын көрігін қыздыратыны анық. Өкінішке орай, теміржол бойындағы елді мекен балалары станция маңын ойын алаңына айналдыратын оқиғалар да аз емес. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала темір жол бойында ойнап жүріп, кез келген затты рельстің саңлауына тығып кетуі де мүмкін. Ол мұны қылмыс деп ойламайды. Өйткені, ойын баласына қызық керек. Немесе темір жолдың үстіне тас, құм, темір, көлденең бір затты қойып пойыздың қалай өтетінін көріп қызықтағысы келеді.  Әрине, мұның барлығы қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Мұны әрбір ата-ана, үлкендер, мұғалімдер, әсіресе болат жолдың маңына жақын орналасқан елді мекендегі оқушыларға жиі түсіндіріп отыру керек. Қала берді, жаз айларында күндіз-түні күнкөріс қамымен вокзалдарда көкөніс, сусын, күнделікті тұрмыстық заттар саудалап жүрген ата-аналарына көмектесетін жасөспірімдер қауіпсіздігі де алаңдарлық жайт. Жеке меншік сектор тұрғындарының мал басын темір жол маңына жақын жаюы да қауіпті. Мал бағып жүрген балалардың да темір жол бойында  ойнап жүргенін жиі кездестіруге болады. Міне, осындай  жағдайлардың соңы жиі өкінішті оқиғаларға соқтырып жатады. Сондықтан, жазғы каникул кезінде балалар қауіпсіздігіне алаңдаушылақ танытқан ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің қызметкерлері мен құзырлы сала өкілдері мектептерде болып оқушылармен қауіпсіздік жайын тағы сөз етті. Жамбыл жол дистанциясының директоры Жүнісбек Табулдиев, Тараз станциясы бастығының міндетін атқарушы Сұлтан-Мұрат Тоқтанаев, Тараз станциясының жетекші инженері Ербол Оспанов, Жамбыл станциясындағы Желілік ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі С.Турбеков, Жамбыл станциясындағы ЖІІБ ӘПБ бастығы, полиция майоры Ж.Абдикапаровтер бастаған  топ темір жол аумағына жақын орналасқан №15 және №14 орта мектеп оқушыларымен кездесіп, қауіпсіздік жайын еске салды. №15 гимназияның бесінші сынып оқушыларымен кездесуде Жамбыл станциясындағы ЖІІБ ӘПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Гүлдана Мұсаева жас балалардың болат жолдың бойында ұрлық жасауы, бұзықшылыққа баруы және темір жолдың бойына бөтен заттар қойып кетуі сынды бұзақылықтар заңмен қудаланып, қатаң тексерілетінін жеткізді.  –  Темір жол аймақтары қауіпті аймақ болып саналады. Ондай жерлермен жүргенде жолда жүру ережесін есте сақтап, абай болу керек. Темір жолмен өткенде пойызға жол бере отырып, тек қана темір жол өтпелері бойымен өтуі тиіс. Сондықтан, әрбір адам темір жолда жүру өмірге және пойыздар қозғалысына қауіпті екендігін естен шығармауы тиіс. Абайсыздық және қамсыздық жазатайым оқиғаға алып келеді. Темір жол үстіне бөгде заттарды қою, темір жолдан белгіленбеген жерден өту, жылжымалы құрамдардың қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына және адам өміріне қатер тудыруына әкеліп соқтырады. Темір жолда оқушылардың кез келген жерден жүрмей сақ болуы қажет. Пойыздардың кілт тоқтай алмайтынын ескеру керек, жедел тежегіш бергеннің өзінде  400-600 метрге жетіп бірақ тоқтайды, – деп мәлімет берген полиция капитанының айтуынша Жамбыл станциясының қызмет аумағында есепті мерзімдегі бес ай ішінде сегіз қайғылы жағдай тіркеліпті. Соның салдарынан төрт адам мерт болып, төрт адам түрлі жарақат алған. Олардың қатарында екі кәмелет жасына толмаған жасөспірім бар. Бұл оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі оқиғаға артып отыр екен. Қайғылы жағдайға душар болғандардың бірқатары абайсыздықтан, ал басым бөлігі ішімдіктің кесірінен  пойыздың астына түсіп қалған. Бұдан кейін балаларға арнайы дайындалған бейнефильм көрсетіліп, Тараз станциясы бастығының міндетін атқарушы Сұлтан-Мұрат Тоқтанаев оқушылардың бейнефильм бойынша не түсінгендерін және өздерінің қандай пікірлері бар екенін сұрақтар қою арқылы тексерді. «Сендердің бәріңді үйде ата-аналарың, бауырларың күтіп отыр. Сондықтан, өздеріңнің амандықтарыңды, жақын туыстарыңның амандығын ойлаңдар!» – деді ол. Сонымен қатар, жиында сөз алған Жамбыл жол дистанциясының директоры Жүнісбек Табулдиев бірнеше фактілерді алға тартып, оқиғалар қатарын атады. –  Өткен жылы 25 қараша күні осы мектептің екі оқушысы 3511-шақырымда жүк пойызының кілт тоқтауына себепші болды. 7-сынып оқушылары Е.Каримов пен Е.Байтасов жол жиегінен шықпай ойынға беріліп кетіп, жылжымалы құрамның дабылын құлақтарына ілмеген. Нәтижесінде жеткіншектермен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, олар бұл жайдың қайталанбайтындығына уәде берді. Ал ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Тараз-Шу теміржол телімінде 18.50 минутта №18 Мәскеу-Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызы 8 жастағы қыз баланы қағып кетті. Машинист берген дабылға назар аудармаған. Сегіз жастағы Аяжан басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жуырда 10 мамыр күні Тараз-Түлкібас учаскесінің Құмшағал-Шөлдала телімінде сағат 11.45 минутта 3497-шақырымында №2201 жүк пойызы жылдамдығы сағатына 45 км/сағатпен жүріп келіп, теміржол бойына жүгіріп шыққан бес жасар қызды қағып кетті. Басынан жарақат алған Жанель де ауруханаға жеткізілді. 12 мамыр күні Сарышаған-Шу учаскесінің Хантау станциясында сағат 11.14 минутта 1443-шақырымында №3003 жүк пойызы сағатына 49 км/жылдамдықпен келе жатып 1,5 жастағы қыз баланы қағып кетті. Нәресте оқиға орнында көз жұмды. Әрине, өкінішті. Сондықтан, теміржолда  өте-өте  абай болыңдар, балалар. Теміржол – ойын алаңы емес, – деп қатты ескертті  Жүнісбек Табулдиев. Мұндай кездесу Жамбыл-Талас учаскесінің бойында орналасқан №14 М.Мақатаев атындағы мектепте жалғасты. Жиын барысында оқушылар өздерін қызықтырған  сауалдарға жауап алып, теміржол бойындағы қауіпсіздік тақырыбына бей-жай қарамайтындарын байқатты. 

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды