Көшбасшылық қабілетке ие  

Жаңалықтар
18.05.2018, 12:00
Оқуға 2 мин
  Бойында көшбасшылық қабілеті басым жанның бірі – Алматы белгі беру және байланыс дистанциясының аға электр механигі, әрі кәсіподақ комитетінің төрағасы Айгүл Естаева десек, қателеспейміз. Мұндай қасиеті мектеп жасынан байқалған кейіпкеріміз қоғамдық жұмыстарға ерте араласып, сыныптастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруды білетін және оның кеңесіне бәрі құлақ асатын. Тіпті өзінен жасы үлкендер де оның айтқандарын жөн санауы – Айгүлдің қазіргі кәсіподақтағы қызметіне келуіне негіз болатын қабілетін танытқандай. Теміржолдағы қызметін 1984 жылы Алматы 1станциясында ЛАЗ электр механигі жұмысынан бастаған ол өсе келе аға электр механик қызметіне көтерілді. Оның тек өз кәсібін жетік меңгерген маман ғана емес, мықты ұйымдастырушылық қабілетін де байқаған әріптестері оны кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлайды. Содан бері ол кәсіподақ қызметінің майталманына айналды, заңды, әлеуметтік саланы өте жақсы меңгерген, сонымен қатар еңбек адамымен жұмыс істеу арқылы олардың психологиялық ерекшеліктерін де жақсы ажырата алатын қасиетке де ие. Мұндай қасиеттер, әсіресе, ұжымдық шарт дайындау, маңызды құжаттарды бекіту, өз көзқарасынан айнымай, жұмысшылар құқығы мен ұжым пікірін қорғап шығуда көп көмегін береді екен.   – Мен үнемі ұжымнан қолдау табатынымды жолымның болғаны деп санаймын. Бұл белеске жету оңай емес, әрине, көп ізденіп, оқу керек. Тіпті күн сайын оқып, жаңа дүниені үйренуге, тануға тура келеді, – дейді Айгүл. Ол білімін үнемі жетілдіру арқылы біліктілігін алдымен өзіне, сосын ұжымға дәлелдеді. Қызмет барысында конференциялар мен жиындарға қатысып, сонда түрлі пікірталасқа қатысуы, өз мүддесін қорғап шығуы теміржолшыны одан әрі шыңдады. Оның ойынша, кәсіподақ қызметіне адамдарды тарту үшін қашан да адалдық, айқындылық керек. Ал жұмыстың қиындығы – сан алуан пікір мен сан түрлі жағдайы бар жұмысшылардың тілін тауып, олардың ойын жақсы арнаға бұру дейді. Ол бұл қызметтен тек белсенді, азаматтық позициясы айқын азаматтарды ғана көретінін айтады. Өзінің де өмірлік ұстанымы – өмірді сүйіп, бағалау, оны жарқын да әдемі ете түсу. Бос уақытында кейіпкеріміз  пэчворк – құрақ мозайкамен айналысып, шығармашылыққа көңіл бөледі.

Елена Қолдасбаева,

Алматы

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды