Басты көрсеткіш – қозғалыс қауіпсіздігі

Жаңалықтар
22.05.2018, 13:34
Оқуға 2 мин
Кез келген бөлімшенің табысы станциялар жұмысына байланысты. Жүк тасымалы жоспарын мүлтіксіз орындауға мүмкіндік беретіндей технологиялық үдеріс пен қозғалыс кестесін қатаң сақтап, өз жұмысын тиісті кәсіпорындармен үйлесімді де тиімді етіп құра білген станция үшін алынбайтын қамал жоқ. Үштөбе станциясын екі жылдан бері басқаратын Ермек Қосшығұлов бір кездері еңбек жолын дәл осы станцияда вагондар қозғалысын реттеуші болып бастаған еді. Сосын станция кезекшісі болды. Пойыз диспетчері, Талдықорған торабы бастығының орынбасары сынды жауапты қызметтерде шыңдалып, қозғалыс саласынының барлық сатысынан өтті.   Әр дүйсенбі станция бастығы Қосшығұловтың кабинетіне осы бекеттегі барлық теміржол мекемелері мен кәсіпорындарының өкілдері жиналып, жолшылар жұмысы, еңбек қорғау, сенбілік өткізу, тұрғындармен кездесу, т.т. ағымдағы мәселелерді шешеді.   Бірінші класты Үштөбе станциясында локомотив және локомотив бригадаларының ауысуымен жүк және жолаушы пойыздарын қабылдап-жөнелту, жүк пойыздарын тарату-құрастыру және тасымалдау құжаттарын рәсімдеудің барлық түрі, сонымен қатар жолаушы тасымалына қатысты барлық операциялар жүзеге асырылады. Жүк багажы мен пошта рәсімдеу, құрастыру жоспарына сәйкес жолаушы вагондарын ағыту мен тіркеу сынды жұмыстар толық  атқарылады.   Осындай үздіксіз технологиялық үдеріспен байланысты жұмыс істейтін  станциялықтар қозғалыс қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтауды әсте естен шығарған емес. Станцияда 25 кірме жол бар. Олардың бәрі жұмыс істеп тұрған өндірістік мекемелерге қызмет көрсетеді. Сондықтан станция басшылығы кірме жолдар иелерімен өзара іскерлік тиімді қарым-қатынас орнатқан.  Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында барлық өндірістік көрсеткіштер түгел орындалған. Орташа есеппен тәулігіне 20 жұп пойызы айналымына қызмет көрсеткен. Жүк тиеу – 312 вагонды, ал жүк түсіру 509 вагонды құраған. Үштөбе станциясы үшін негізгі жүк жөнелтуші кварц өндіретін «МК Казсиликон» ЖШС болып табылады, ай сайын орташа есеппен 70 вагон өнім тиейді. Одан басқа станцияға күн сайын келетін түрлі жүктер, соның ішінде құрылыс материалдары, түрлі сұйықтық және көмір отыны, т.т. тиеген вагондар үздіксіз келіп, жанама жолдарда түсіріліп жатады. – Әрине, ең алдымен станцияның басшылық құрамы негізгі жауапкершілікті өзіне жүктейді, дегенмен біздің ұжымда бәрін басшыға артып отыру деген атымен жоқ, пойыз құрастырушыдан станция кезекшісі, тауар кассирі... қысқасы әрбір қызметкер кез келген жауапкершілікті мойнына алуға дайын, – дейді Ермек Амангелдіұлы.  Айта кету керек, соңғы 7 жылдан бері станция жұмысшылары пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген. Бұл – станция ұжымының басты көрсеткіші. 

Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды