Ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде
Еңселі елордамыздың өркендеп, дамуында маңызды орын алатын өндірістік кәсіпорындардың бірі Локомотив құрастыру зауыты болса, оның жұмысының жандануына ықпалы зор GE Transportation компаниясы қызметінің де Астана қаласының, жалпы еліміздің теміржол көлігінің дамуындағы рөлі жоғары. Былтырдан бері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның 50 пайыз акциясына иегер GE Transportation 10 жылдан бергі ынтымақтастықтың арқасында Қазақстанның темір жол саласын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.
Соның айғағы өткен жылы GE-ның елордада өткен ЭКСПО көрмесіне қатысып, 2 индустриалдық конференция өткізуі және Ресей, жалпы ТМД бойынша елдер ішінде бірінші болып Қазақстанның жүк локомотивтеріне «Рейс оңтайлатқышы» цифрлық жүйесін орнатуы болды. Ал осы жыл басында GE 300 маневрлық локомотив жеткізілімі мен ТЭП33А сериялы 175 жолаушылар локомотивіне сервистік қызмет көрсету бойынша келісімге қол қойды. Сол шараның барысында бұл ынтымақтастықтың жемістілігін «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев та атап кеткен болатын. «GE Transportation-мен табысты ынтымақтастық орнаған жылдар ішінде біз стратегиялық әріптестікті болашақта дамытудың зор әлеуеті мен тиімділігіне көз жеткіздік. Осы он жылдан астам уақыт бойына Қазақстанның және жақын шетелдердің теміржолында кеңінен қолданысқа ие болған Evolution сериясындағы 300-ден астам заманауи локомотив шығарылды. Сенімді серіктесіміз, әрі көлік саласындағы машина құрастыру ісінің әлемдік көшбасшысымен нәтижелі ынтымақтастығымыз бұдан әрі де жалғаса бермек», – деген болатын ол.
Ал GE Transportation-ның бүгінгі таңдағы бас қаржы директоры Джейми Миллер қазақстандық теміржолдың дамуы өңірлік тауар айналымды арттыру жағынан елдің экономикалық өсуіне қолдау үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді. Сондай-ақ ол «ЛКЗ» АҚ-ның акцияларын сатып алуды GE мен «ҚТЖ» АҚ арасындағы Қазақстанның қазіргі заманғы, сенімді теміржол инфрақұрылымын дамытудағы ортақ істе маңызды қадам деп санады. «Біз аталған зауытқа акционер болып, Қазақстан мен ТМД елдері үшін озық локомотив құрылыс технологияларын өндіріп шығаруды дамыту арқылы өңірді жаңғыртуға қатысқанымызға қуаныштымыз. Біздің миссиямыз инновациялық технологияларды қолдану арқылы өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту жолымен елдердің экономикалық өсуіне ықпал ету болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде қарқынды экономикалық даму жолына түсті және осы орайда біз аталған трансформацияның бір бөлігі болып табылатынымызды мақтан етеміз», – деді ол.
Еске сала кетейік, «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы «ҚТЖ» компаниясы мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ-ның бірлескен кәсіпорыны ретінде 50:50 қатысу үлесімен құрылған болатын. Зауыт Evolution сериялы GE жүк және жолаушылар локомотивтерін шығарады. Ал жоғарыда аталған 50 пайыз акционер болуы туралы келісім GE компаниясының өңірдің өндірісіне озық технология мен инвестицияны, ғаламдық тәжірибені әкеле отырып Орталық Азияны тұрақты дамытуға ықпал ететін ұзақ мерзімді жоспары бар екенін көрсетеді. GE Transportation-ның цифрлық шешімдері «ҚТЖ» жүк локомотивтері жұмысын оңтайландыруға көмектеседі.
Ұлан ОРАЗ
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды