Жұмыла көтерсе – жүк жеңіл

Жаңалықтар
22.05.2018, 14:34
Оқуға 3 мин
Өткен наурыз айында алдымен Аягөз қаласында, соңын ала Семей шаһарының Ертіс жағалауында орын алған көктемгі су тасқыны теміржолшы қауымын да біршама әбігерге салған болатын. Аталмыш табиғат апатынан зардап шеккен сала қызметкеріне көмек көрсетілуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, үй-жайлары бүлініп, дүние-мүлкі жарамсыз болғандарға бірінші кезекте жұмыс берушілер тарапынан жәрдем көрсетілді. Мысалы, олардың қатарында әскерилендірілген күзет қызмткерлері де бар. Бүгінде «Құрметті теміржолшы» Асхат Искаков басқаратын «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Семей филиалы – ел шығысындағы желі бойын тұтас қамтып жатқан іргелі мекеме. Бүгінде 800-дің үстінде қызметкері бар филиалдың бірнеше қызметкері  көктемгі табиғат апатынан залал шеккен болатын. Әуелгі кезекте Аягөз станциясындағы команданың қос мүшесінің үйлері тасқын су кесірінен бүлінді. Оларды ӘТЖК АҚ Семей филиалы басшылығы ұжым мүшелерін қиыншылықта қалдырған жоқ. Мекеменің кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, ақылдаса келе, заң аясында қомақты көмек көрсетті. Филиалдың барша қызметкерлері тайлы-тұяғы қалмай бір күндік жалақыларын аударып, қаржылық жәрдем жасады. Ол үшін зардап шегушілер арнайы тіркелген есепшот ашқан болатын. Осылайша бір миллионнан аса қаражат соңғы тиынына дейін қайырымдылық ретінде табиғи апат зардабын шегушілерге толық берілді. Бір-ақ сәтте үй-жайы бүлініп, мал-мүкәммалынан айрылып қалған жандарға бұл үлкен көмек болғаны анық.  Десек те, апат айтып келмейді. Араға екі аптадан аса уақыт салып, қар суымен молайған Ертіс суы ернеуінен асып, Семей шаһарының бәзбір аудандарын да басып қалды да, ӘТЖК-нің жергілікті үш қызметкерінің үйін ағын су шайып өтті. Төтеннен келген бұл оқыс жайт та Асхат Искаков бастаған  күзетшілер ұжымын  бей-жай қалдырған жоқ. Мекеме директорының орынбасары Арай Шаменов пен кәсіподақ төрағасы Амантай Қатпеновтер қиыншылыққа ұшыраған әріптестерінің жанынан табылып, олардың отбасы алғашқы көмек алуларына күш салды. – Мекеме басшылығымен бірге үйлері табиғат апатына ұшыраған, көңілі сынық әріптестерімізге арнайы бардық. Аулаларында тасқынмен ағып келген, кісі бойы боларлық мұз сеңдері жатқанын көріп жаға ұстадық. Бейне бір айсбергтер шөгіп жатқандай әсер қалдырды. Ал, үйлеріне, тірнектеп жинаған қаражаттарына жуырда ғана еурожөндеу өткізген екен. Сау-тамтығы қалмай бүлінген. Қора-жай, көлік тұрағындағы мүліктері, азық-түліктері де жарамсыз болыпты. Мұндай жағдайда қиындыққа тап болған ұжым мүшелеріне көмек көрсетпей болмайды. Республикадаға өзге филиалдар да жағдайға түсіністікпен қарап, бірден көмек қолдарын созды. Қайырымдылық мақсатында қаражат жиналып, әр әріптесімізге миллион теңгеге жуық қаржы бердік. Ол әр азаматымыздың заңға сәйкес ашылған жеке есепшотына аударылды. Ал бірден көмектерін ұсынып, жанашырлық танытқан өзге облыстардағы әріптестерімізге айтар алғысымыз ұшан-теңіз, – дейді ӘТЖК Семей филиалының  кәсіподақ ұйымының басшысы, осынау істің басы-қасында жүрген Амантай Қатпенов.  Жалпы, Әсерилендірілген теміржол күзетінің жігіттері қай кезде де елдік шараның басынан табылып, қайырымдылық жасаудан алдарына жан салмайтынын баяғыда дәлелдеген үлкен ұжым. Бұл жолы да Алматы филиалы директоры Мұхтар Шпекбаев, Шымкент филиалы директоры Бекболат Түзелбаев, Тараз филиалының басшысы Бауыржан Төлепбергенов, Қарағанды филиалы директоры Совет Жұмашев пен Атырау филиалы бастығы Жәнібек Абдрахманов, Қостанай облысындағы филиал директоры Қанат Өтеповтер елдің алды болып семейлік әріптестеріне қол ұшын созыпты.    Дәл осындай көмек алапат су тасқыны болған Зырян қаласындағы бір қызметкерге де жасалынған. Бір бұл емес, кәсіподақ басшысының айтуынша, енді бірер күнде бұл алты жұмысшыға 2018-2020 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт аясында 50 АЕК көлемінде материалдық көмек жасалмақ. Әрине, ол да айтарлықтай жәрдем болатыны сөзсіз. Бастысы – қайырымдылық сынды ізгі қасиеттің осындайда айқын көрініс тапқаны көңілдерге қуаныш ұялатады.  

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды