Жазғы маусым ашылды
Ақтөбе жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелері үшін жазғы спорт маусымы ашық деп жарияланды. Салтанатты шараға бөлімше басшылығы мен кәсіподақ бірлестігі өкілдері, сонымен бірге, спортты серік еткен теміржолшылар қатысты.
Айта кетейік, теміржолға жақын жерде былтыр теміржолшылар үшін жазғы стадион салынған болатын. Онда тек жылдың жылы кезеңінде ғана спортпен айналысуға болады. Былтырдан бері ондаған ірі шара өтті.
«Биылғы жаз маусымының ашылу салтанатына орай, футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылып отыр. Оған теміржолшылардан құралған 6 команда қатысуда. Топ жарған команда Астанада өтетін ақтық кездесуге жолдама алады. Қыркүйек айында еліміздегі теміржол бөлімшелері арасынан үздіктер жиналып, мықты ойыншылар іріктеледі. Мұның барлығы салауатты өмір салтын насихаттау үшін жасалып отыр. Елбасының өзі спорттық алаңдарды көбейту керектігін айтқан болатын», – дейді кәсіподақтың Батыс филиалының бас сарапшысы Нұрбек Досберген.
Кәсіподақ өкілінің айтуынша, спорттық шаралар тек Ақтөбеде емес, жол бойындағы Шалқар, Қандыағаш секілді станцияларда да ұйымдастырылуда. Былтырдың өзінде бөлімшеге қарасты станцияларды есептемегенде, көршілес Маңғыстау, Орал өңірлерінен теміржолшылар келіп, бақтарын сынаған.
Шараның ашылу салтанатында Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің директоры Серғали Жайлаубаев лебіз білдіріп, теңбіл доп тебуден сайысқа түскелі отырған спортшы-теміржолшыларға сәттілік тіледі. Тіпті, қақпаға алғашқы голды ырымдап Серғали Жайлаубаевтың өзі салды.
Жолдастық кездесуде машинистер командасы топ жарды, екінші орынға байланысшылар жайғасса, үшінші орын вагоншылардың еншісінде. Барлығы 8 команда қатысты.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды