Армандар орындалатын қала

Жаңалықтар
25.05.2018, 13:13
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Тасымалды басқарудың автоматтандырылған орталығының (ТБАО) бағыттар бойынша бас диспетчері, теміржолшы әулетінің өкілі, түрлі спорттық шаралардың көп дәрежелі жүлдегері, әрі беріден соң өз ісінің шебері Нұркен Бегежанов 27 жасында компанияның стратегиялық маңызды бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейді. Олай дейтініміз, орталық қызметкерлерінің нақты жұмысы мен бірлесе әрекет етуінен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тоқтаусыз жүруі байланысты болмақ. Нұркенді әріптестері талантты адам, қай жағынан да талантты деген бір-ақ ауыз сөзбен сипаттайды. «Тасымалдау үдерісін ұйымдастыруға қатысу – жауапкершілігі мол күрделі жұмыс. Десе де, маған өз қызметім ұнайды. Ауысым он екі сағатқа созылады, осы уақыт ішінде мейлінше жинақы болуың керек» дейді біздің кейіпкеріміз. Жас маманға жұмыста көлік колледжі мен ҚазККА-да алған білімі, Қызылорда өңіріндегі Төретам станциясында жүк қабылдап-тапсырушы, жол бұрушы, станция кезекшісі болып атқарған тәжірибелері көп көмегін тигізуде. – Төретам станциясы маған аса ыстық. Мен теміржолшылар отбасында туылып, темір жол жанында өстім десем болады. Мамандық таңдар шаққа жеткенімде, еш мәселе туындаған жоқ. Менің атам Әбдірахман Бегежанов Шиелі станциясының бастығы болды, әкем 20 жылдан астам уақыт Төретам станциясында басшылық етті, ал анам болса вокзал бастығы болатын, – дейді Нұркен. 2015 жылы жас маман Астанаға келіп, кәсіби қызметін жалғастырады. Ол Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығында ең жас бірінші дәрежелі пойыз диспетчерлері қатарынан болды. Ұжымда оны өз қызметін үлкен жауапкершілікпен және адал атқаратынына ғана емес, жоғары спорттық жетістіктері үшін де сыйлайтын. Нұркеннің қанжығасында бірнеше спорттық награда бар, бильярд бойынша жүлделі орындар, орталық аппарат қызметкерлері арасында өткен Спартакиада бағдарламасында шағын футбол жарысынан 2-орын алғаны үшін берілген грамота, т.б. Сонымен қатар соңғы үш жылда Нұркен Бегежанов үстел теннисі бойынша жарыста жүлделі орындарды иеленіп келсе, таяуда ол «Астана» темір жол торабы біріншілігінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ чемпионы болды. Бұл жеңісін Нұркен бір жасқа толғалы отырған қызы Көзайымға арнап отыр. – Спорттық жаттығуларға мен мектеп кезінен баратынмын. Спорт салауатты өмір салтын ұстануға, ойыңның сергек жүруіне көмектеседі. Қазір мен Назарбаев университетінде үстел теннисі бойынша Қазақстан лигасында жаттығып жүрмін. Спорт менің өмірімнің бір бөлігіне айналған, әріптестерім мен достарымның, жақын адамдарымның спортқа деген қызығушылығына қолдау білдіруге тырысып келемін, – деп сөзін түйіндей келе Нұркен, Астана – армандар орындалатын қала, жас қаламен бірге өсіп-өніп, дами бергісі келетінін айтады.

Асель ШАЙХЫНОВА

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды