Оқушылармен кездесті
Атырауда темір жол бойында жаяу жүргіншілер өтетін арнайы бірнеше аспалы көпір орнатылған. Осындай көпір қала аумағында орналасқан Ақжайық станциясы бойында да бар. Соған қарамастан, жаяу жүргіншілер пойыз астынан өтіп кетуге әуес.
Бұл көпірдің қала тұрғындары үшін алар орны ерекше екені де белгілі. Өйткені Сырым Датов көшесі бойындағы Атырау жол бөлімшесі маңындағы үйлер мен темір жолдың арғы бетіндегі Химпоселок ауылы тұрғындары үшін көпір күнделікті жұмысқа, оқуға, басқа да шаруаларына барар қатынас жолы, оларға автобуспен бүкіл қаланы айналып өту тиімсіз. Жаяу да болса осы көпір арқылы, төтесінен өте шыққан әлдеқайда тез. Соның өзінде оқушылар пойыз жолымен өте шығуды қалайды. Соған орай мамыр айының 23-і күні көлік прокуратурасы, ЖІІБ өкілдерінің және Ақжайық станциясының инженері А.Дюсенбаевтың қатысуымен Атырау қаласы, М.Әуезов атындағы №4 мектепте «Темір жол – қауіпті аймақ» темір жолдағы қауіпсіздікті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Келген мамандардың бәрі де сөз алып, темір жол маңының өте қауіпті аймақ екенін, тек тәртіп сақтағанда ғана өмірге нұқсан келмейтінін айтып түсіндірді.
– Жаяу жүргіншілер тек көпірден өтуі керек, себебі ол қауіпсіздік үшін қажет, станция бойында маневрлік жұмыстар жүреді, күндіз-түні пойыз қозғалысы толастамайды. Соған қарамастан көпірден өтпей, тұрғындардың рельстен тура өтіп шығам деуі орынсыз. Ақжайық станциясы арқылы Атырау қаласына келетін жүктің басым бөлігі түсіріліп, тиеледі. Бір жағынан, станцияға жапсарлас орналасқан Атырау мұнай өңдеу зауытынан күніне ондаған пойыз шығып-кіреді, мұнай өнімдері тасымалданады. Ал олар өртке қауіпті. Кейбіреулердің шылым шегіп, қалдығын вагонға тастай салатындары да бар, одан өрт шықса, тіптен қауіп. Сол себепті қауіпсіздікті сақтау басты мәселе боп отыр. Тазалықты сақтап, шылым шекпей, арнаулы белгіленген жерден өтсе, бәрімізге тиімді болар еді, – деп оқушыларға ақыл-кеңесін берген Ақжайық станциясының инженері А.Дюсенбаев, балалардың сұрақтарына да жауап берді.
Қосұйым Мұқашев, Атырау облысы
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды