Жігіттер түсті жарысқа...

Жаңалықтар
29.05.2018, 12:15
Оқуға 1 мин
Кәсіподақтар күніне орай Жамбыл жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерінің арасында шахмат, дартс және үстел теннисінен жарыс өтті. Спорт нұсқаушылары ұйымдастырған шараға қырық жастан жоғары қызметкерлер мен саланың ардагерлері қатысты. Ұлы ойшылдардың ойынына айналған шахмат ойынында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан ұйымдастырылған республикалық жарыстардың жеңімпазы, еңбек ардагері, вагон пайдалану депосының зейнеткері Виталий Соколов тағы бір рет өзінің үздік ойыншы екенін дәлелдеп, жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Андрей Швалев иеленсе, үшінші орынға Жамбыл электрмен жабдықтау дистациясының өндірістік оқыту шебері Марат Құлбаев көтерілді. Дартста Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Бақыт Мамбетқұлов үздік шығып, бірінші орынды иеленді. Тараз оқыту орталығы директорының орынбасары Владимир Белоногов екінші, «ЖамбылРемСервис» ЖШС зейнеткері, еңбек және спорт ардагері Борис Комаренко үшінші орынды иеленді. Үстел теннисі де қызықты өтті. Мұнда Тараз оқыту орталығы директорының орынбасары Владимир Белоногов бірінші орынды иеленді. Ал «ЖамбылремСервис» ЖШС бригадирі Ислам Бейшенов екінші, осы серіктестіктің зейнеткері Ринат Өтешов үшінші орынды иеленді. Ойын соңында жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағаздар берілді.

Арсен БАЙЗАҚ, Тараз

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды