Жат ағымдардан сақтау жолында
Жуырда Семей жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Семей станциясында деструктивті діни ағымдардың зайырлы қоғамға келтірер зардабы және діни радикализм мен экстремизм көріністерінің алдын алу мәселелері тақырыбында қызғылықты әрі танымдық жиын өтті.
Басқосу барысында аталмыш тақырыпта кең көлемде түсінік беріп өткен ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпарат тарату тобының маманы Дарын Садықов дәстүрлі діндер мен ұлттық танымға жат діни ағымдардың сипат-айырмашылығы жайында сөз қозғады. Сонымен қатар, деструктивтілік, діни экстремизм идеяларын жақтаушылардың сипаттары, терроризмнің негізгі себептері туралы да толыққанды мағлұмат берді. Теолог әсіресе жастарды діни радикализм идеяларынан сақтандыру мақсатында бірінші кезекте отбасындағы ата-ана рөліне, жанұядағы тәрбиеге де баса көңіл бөлу керектігін айтты. Жиын барысында заңсыз миссионерлік әрекеттердің салдарынан жауапқа тартылатынын, діни уағызды ғаламтордан іздеудің қатерлілігі туралы да жеткізді.
Бүгінгі таңда жақындары деструктивті жат ағымдар ықпалына түскен немесе осы тарапта сауалдары бар тұрғындар үшін арнайы сенім телефоны ашылып, аталмыш мәселе төңірегінде мамандар кеңесіне жүгінуге, толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік туып тұр.
– Мұндай берері мол шаралар алдағы уақытта мамандардың қатысуымен өткізіле беретін болады. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына, діни құндылықтармен астасқан тарихи санамыздың тұнық болуына, салт-дәстүрге деген құрметіміздің арта беруіне бірден бір себеп, – дейді аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі Семей ЖТ бөлімшесінің лаңкестікке қарсы күрес және азаматтық қорғаныс бөлімінің инженері Мадина Жұмабаева.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды