Жел жылдамдығын анықтайтын құрылғы

Жаңалықтар
29.05.2018, 12:21
Оқуға 2 мин
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлері Қияқты-Хантау телімінің ПК9 1439-шақырымына «М63М-1» анеморумбометр қондырғысын орнатты. Бұл құрылғы локомотив бригадаларына жел жылдамдығын анық әрі айқын көрсете алады. – Жалпы, бұл телімде бұған дейін де мұндай қондырғы қойылған болатын. Биыл Қияқты-Хантау телімінің ПК9 1439-шақырымына жаңа құрылғы орнаттық. Шу-Шығанақ учаскесінде орнатылған бұл құрылғы Хантау станциясынан Қияқтыға бет алған пойыздардың локомотив бригадаларына анық көрінеді. Және олар әрбір он минут сайын пойыз диспетчеріне хабар беріп, жел жылдамдығын анықтап отырады. Бұл учаскеде жел жылдамдығы қатты, бір жылы контейнерлердің аударылып қалғаны да бар. Енді бұған мейлінше тосқауыл қойылып отыр. Өйткені, Хантау, Қияқты станцияларының қызметкерлері мен Шу-Шығанақ учаскесіндегі пойыз диспетчерлері, Шу локомотив пайдалану депосының локомотив бригадалары, Сарышаған локомотив айналымы депосының Шу-Мойынты аралығында қатынайтын бригадалары құрылғы нұсқаулықтарымен толық танысты. Сондықтан осы бағыттағы пойыз локомотив бригадалары анеморумбометрдегі желдің жылдамдығын диспетчерге және қарсы бағытта келе жатқан пойызға міндетті түрде хабарлау керек. Егер «М63М-1» құрылғысындағы желдің жылдамдығы сағатына 15м/секундты көрсететін болса, ЖТ-Жамбыл бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің диспетчеріне хабар беріп, шаралар қолға алынады. Бұдан кейін пойыз диспетчерлері Қияқты, Хантау станциясының кезекшілеріне бұйрық беріп, ол бұйрық ДУ-58 формасындағы журналға тіркеледі. Осылайша ескерту шаралары жедел қолға алынатын болады, – дейді ЖТ-Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков. Ал бұл құрылғының уақытында орналасуына және жедел қолға алынуы бойынша жүргізілген жұмыстардың басы қасында ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің Шу аймағы бойынша орынбасары Серік Каликов пен Хантау станциясының бастығы Халим Есентай күндіз-түні жүрді. Жалпы, жаңалыққа жаны құмар жамбылдық теміржолшылардың бұл құрылғыны орнатудағы бастамасы өз нәтижесін де беріп отыр. Бүгінгі күні аталған учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде жұмыс өз жолына қойылды.

Ерман Әбдиев, Қияқты-Хантау

Суретті түсірген Петр Норкин

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды