Қызылсайда жұмыс қызған

Жаңалықтар
05.06.2018, 12:45
Оқуға 2 мин
Шымкенттің шетіндегі Қызылсай станциясы қаладағы өндірістік және ауыл шаруашылық тауардың уақытылы келуі мен жөнелтілуін қамтамасыз етеді.   Шағын және орта кәсіптің дамуына үлес қосып жатқан қызылсайлықтар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жүк тиеуді – 137, түсіруді 145 пайызға көбейткен. Қызылсайдағы жүк тасымалын дөңгелетіп отырған – «Стандарт цемент» зауыты. Ай сайын мыңнан аса цемент тиелген вагон ел іші мен шет елге тасымалданады. Сонымен қатар жазда айына 25-26 вагонға тиелетін «Тассай» суы бар. Үшінші – тұрақты түрде айына 50-60 вагонға дейін кондитерлік тәтті тоқаштар, 40 вагондай макарон өнімі тиеледі.  Станциядан  өткен жылдың 4 айында 4200 вагонға жүк тиелсе, биыл бұл көрсеткіш 5750 вагонды құраған. Яғни, былтырғымен салыстырғанда жүк айналымы 1550 вагонға артқан. Сондай-ақ, өткен  жылдың 4 айында 10148 вагон түсірілсе, биыл ол 14768-ге жетіп, көрсеткіш 4620 вагонға жоғарылап отыр. Станцияның еңбек қорғау инженері Алтынай Пірмәтованың айтуынша, теміржолда жұмыс тәртібін сақтап еңбек ете білу де шеберлік. Өткен сәуір айында станция жұмысшылары арасында «Менің жұмыс күнім осылай өтеді» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылыпты.  Байқау қорытындысы бойынша пойыз құрастырушы Т.Кенжеев жұмыс барысында техника қауіпсіздігін бұлжытпай сақтағаны үшін ерекше көзге түсіп марапатталған. Сонымен қатар, 28 сәуір – дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбекті қорғауға және технологиялық тәртіптің нығаюына қосқан үлесі үшін станцияның аға жүк қабылдап-тапсырушысы А.Отарбаев ЖТ Шымкент филиалы директоры Е. Ермановтың Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, көктемгі байқау қортындысы бойынша және «Бүкіл әлемдік еңбек қорғау» күніне орай станциялар мен деполар арасында өткен байқауға қатысқан Қызылсай станциясы ІІ жүлделі орынға ие болған.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды