Жаттығу шеберлікті шыңдайды
Ақтөбе теміржол вокзалында кезекті оқу-жаттығу шаралары өтті. Сценарий бойынша, вокзал ғимаратының үшінші қабатынан от шықты. Вокзалға келген жолаушылар мен қызметкерлерді дер кезінде эвакуациялап, тілсіз жауды сөндіру – өрт жауынгерлерінің күш-қуаты мен шеберліктерін сынға салған емтихан болды.
Ақтөбе өртке қарсы жасағының басшысы Әділ Құбаевтың айтуынша, шартты түрде сағат 11.30 шамасында нысаннан өрт шыққаны туралы хабар тарайды.
«Ақтөбе өрт сөндіру пойызы дер кезінде оқиға орнына жеткізілді. Пойыздың жеке құрамы су беру құбырларын сақадай-сай дайындап әкелген. Ақтөбе қалалық өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі үш техникасымен келіп жетті. Негізгі мақсат – теміржол вокзалында төтенше жағдай бола қалған жағдайда жолаушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру, сонымен бірге өрт сөндірушілердің бірігіп жасаған іс-әрекетін пысықтау, өзара байланысты күшейту», – дейді өртке қарсы жасақ басшысы Әділ Амангелдіұлы.
Оқу-жаттығу сабағы жоспарға сай, артық шығынсыз өткен. Ең қиыны ғимараттың үшінші қабатынан екі адамды автосатымен түсіру болыпты. Екеуі де уақытылы құтқарылып, зардап шекпейді.
Оқу-жаттығу шараларын мемлекеттік емес өртке қарсы жасақ ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жалпы, төтенше жағдайлар департаменті басшылығы тарапынан оқу-жаттығу шараларына жақсы деген баға берілген.
Айта кетейік, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жасақта бес өрт сөндіру пойызы бар. Биыл өрт сөндіру қызметіне 100 жыл толса, өртке қарсы жасақтың әскерилендірілген теміржол күзеті қызметінен бөлініп шыққанына 20 жыл толған екен. «Өрт сөндірушілердің еңбегі әркез бағалана бермейді. Сондықтан ұзақ жылдар бойы иық тіресіп бірге еңбек етіп келе жатқан әріптестерім Бақытжан Сүйіншалин, Өмірзақ Үргешбай, Мереке Айдашев, Жаңбырбай Әбдіғазизов, Ержан Аманғалиұлы сынды азаматтарды биылғы мерейлі мерекемен құттықтап, алғыс айтқым келеді», – деп сөзін аяқтады Әділ Құбаев.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды