Жылжымалы құрам паркін жаңартуда жаңалық бар

Жаңалықтар
08.06.2018, 15:49
Оқуға 3 мин
Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы Кеңес одағындағы елдер сияқты Қазақстанның да алдында жылжымалы құрам паркін жаңарту қажеттілігі туындады. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін локомотивтердің жаңа өндірісін іске қосу туралы шешім қабылданды. Астанада жаңа индустриалдық аймақ пайда болып, теміржол машиналарын құрастыру өндірісін дамыту дәуірі басталды. 2009 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанның Күшейтілген Индустриялы Инновациялық Дамуы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны ретінде «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы құрылып, «Эволюшн» сериялы отандық локомотивтер құрастырыла бастады.  Бүгінде құрылтайшылары «Трансмашхолдинг» АҚ және GE компаниясы болып табылатын аталған зауыт осы 9 жыл ішінде еліміздің экономикалық өсуі, республиканың ауыр машина жасау саласында жаңа тарихтың басталуы кезінде күрделі құрылымдық өзгерістер бастамасының алғашқы жаршыларының бірі болып, Қазақстанның индустриялы-инновациялық дамуына лайықты үлес қосып келеді. Қазақстанның теміржол көлігі жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, «1520 кеңістігінде» жылжымалы құрам иелеріне сапалы өнімдер беруде. Зауыттың маркетинг және өткізу бөлімінің бастығы Рауан Донсебаевтың айтуынша, зауыт құрылғалы бері жүк және жолаушылар пойыздарына арналған ТЭ33А сериялы 300-ге жуық локомотив шығарылып, пайдалануға берілген, соның 23-і Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Украина, Қырғызстан елдеріне экспортталған. – Жылжымалы құрам паркін жаңартуда жаңалық бар. Зауыт былтырдан бері Қазақстан теміржолының сұранысымен жаңа сериялы жолаушылар пойызы локомотивтерін шығаруды қолға алды. Алғашқы екі жолаушылар локомотиві 2014 жылы шығарылған. Ал сериялық түрлері 2017 жылы шығарылып, жоспар бойынша 6 локомотив тапсырдық. Бүгінгі таңға тағы екеуі өндіріске берілді. Әрі қарай да жыл бойы осылай жалғаса береді, – деді Рауан Донсебаев әлі бояуы да кеппеген су жаңа  локомотивтерді көрсетіп.  Сыртқы келбеті көз тартарлық қос локомотив рельс бойын зулай сапарға шығуға дайын тұр. Оның дизайны да бұрынғылардан бөлектеу. Негізі, сыртқы келбеті, қалай бояу керектігі «ҚТЖ» компаниясының тапсыруымен жүзеге асырылады екен. – Бұл локомотивтердің тежегіш бөлігі де жүк локомотивінен ерекше. Жылдамдығы сағатына 160 км-ға артқан. Және бұларда автобасқару жүйесі бар, яғни машинист соны қосқанда локомотив өзін-өзі басқара береді. Заманауи талаптарға сай, жетілдірілген әлемдік локомотивтердің соңғы буыны, соңғы үлгі. Барлық локомотивтер мәлімделген техникалық сипаттамалар мен пайдалану қауіпсіздігіне сәйкестігін тексерудің толық циклінен өтеді. Әрбір тепловоз соңғы құрастыру мен бояудан кейін сынау учаскесіне жіберіледі. Жаңа машиналар бес негізгі бағыттарды қамтитын әртүрлі сынаудың 19 түрінен өткізіледі. Сынау кезінде дәлдігі жоғары қазіргі заман аспаптары қолданылады, – деп түсінік берді зауыттың кепілдік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Руслан Қажиев. Зауытта тек локомотив қана емес, сонымен бірге Қазақстан теміржолына қажетті қосалқы бөлшектер, электровоздарға арналған арбашалар, бүйір рамалары, шанақтар жасалып шығарылады. Қазіргі таңда зауытта 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың дені – техникалық сала мамандары. Локомотив құрастыру барысында зауытта 11 мың атаулы бөлшекке дейін жасалады екен. Оның ішінде қазақстандық үлес 32 пайызды құрайды. Астана үшін, оның даму тарихында орны ерекше алғашқы зауытта жұмыс жасайтындардың дені – техникалық мамандық алған жастар, көбісі Австралияға, Америкаға барып оқып келген, ағылшын тілін меңгерген. Өндірісте заманауи станоктар,  дүниежүзілік озық станок жасаушылар беретін жабдықтар пайдаланылады.

Райхан РАХМЕТОВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды