Естігеннен көрген жақсы

Жаңалықтар
08.06.2018, 15:53
Оқуға 2 мин
Қызылорда темір жолында балалар мерекесі қарсаңында қызық бір шара өтті. Қауіпсіздік ісіне жауапты аймақтағы бір топ теміржолшы қауіпті аумақ саналатын теміржол бойында рейд өткізді. Қызығы сол, бұл рейдке бір топ балалар, мектеп оқушыларының қатысуы еді. Қызылорда станциясының басшылығы, Қызылорда жол дистанциясы, «Теміржол» партия филиалы, БПҰ белсенділері мен Қызылорда ЖІІБ өкілдері қауіпті аумақты кесіп өту кезінде жол жүру ережесін қатаң сақтау, теміржол өткелдерінің тыйым салынған жерлерінде жүргіншілердің жол ережесін сақтауын балаларды ілестіріп жүріп, жол бойын түгел аралатып, көрсетіп, түсіндіріп шықты.   Жол жағалай түсіндіру шараларын жасап ескерту парақшалар таратып келе жатқан рейдке шыққан топ мүшелері қаладағы келеңсіз жағдайлар жиі орын алатын Шұғыла мөлтек ауданы тұсындағы теміржол өткелі маңында кідіріс жасап, өткелден өтіп жатқан жаяу жүргіншілермен  тілдесіп, түсіндіру шараларын жалғастырды, олардың  айтқан ескертпелерін тыңдады. «Нұр Отан – балаларға» республикалық акциясы аясында теміржолдың қауіпті аймақ екендігіне ереше көңіл бөліп, оның маңында барынша сақ болып, балалардың өмірін сақтауға қоғам назарын аударуды көздеген акция өз жемісін берері сөзсіз. Өйткені, «мың рет естігеннен бір рет көрген артық» демекші, рейд барысында балалрдың көп нәрсеге көз жеткізіп, теміржолдың қауіп-қатері жайлы түсініктері де артқаны байқалып қалды. Рейд барысында әр балаға арнайы дайындаған ақпараттық-танымдылық материалдар таратылды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды