Сымбатты болғыңыз келсе...
Семей ЖТ бөлімшесінің спорт нұсқаушылары денсаулық айлығы аясында бірқатар шараларды қолға алуда. Соның ішінде теміржолшыларды өз жұмыс орындарында тұрақты түрде спорттық жаттығулар жасауға тарту ісі бірінші кезекте тұр.
Қазіргі күні кеңседе жұмыс істейтін әрбір теміржолшы тәуліктің белгілі бір мерзімінде арнайы бекітілген нұсқаулық бойынша гимнастика жасайды. Дегенмен күнделікті қауырт жұмыс барысында бой сергітер спорттық жаттығуларға аса мән бере бермейтіндер де кездесіп жататыны белгілі. Сондықтан да, спорт нұсқаушылары әр кабинетке арнайы бас сұғып, қызметкерлерді ұжымдасқан түрде гимнастикалық қимыл-қозғалыстарға тартуда.
Аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Наталья Мешкованың айтуынша, бүгінде ұлттық компания қызметкерлері арасындағы ең жиі кездесетін сырқат түрі – жүрек-қан тамыр аурулары екен. Бұл теміржолшылар арасындағы барлық сырқаттардың 39,7 пайызын құрайтын көрінеді. Оған себеп – құбылмалы қолайсыз климаттық жағдайда жұмыс істеу мен физикалық белсенділіктің төмендігі.
– Соңғы кезде қызметкерлердің белсенділігі артып келеді. Алғашқы кезде үгіттеп зорға жинайтын болсақ, бүгінде өздері-ақ жетіп келіп, қашан билейміз деп тұрады. Қимыл-қозғалыс, жаттығу – жүрек-қан тамырлар жұмысын жақсартып қана қоймай, дене шымырлығын, сымбатын арттыратынын кім білмейді?! – дейді пікір білдірген Семей ЖТ бөлімшесінің спорт нұсқаушысы Жанат Мойынбаев.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда бөлімшенің кадрлар бөлімі қызметкерлері тарапынан жұмысшылардың денсаулық жағдайының мониторингі жасалынып, жиі сырқаттанатын теміржолшыларға кеңес беріледі. Сонымен қатар, сала мамандарының табиғат аясындағы тынығулары ұйымдастырылып, кешкі мезгілдерде жаттығу залдарында спорттық шаралар өткізіледі.
Бұдан өзге алдағы уақытта теміржолшыларды денсаулыққа күтім жасауға назар аударту мақсатында арнайы тренингтер, жастардың қатысуымен флэш-мобтар және табиғат аясына серуен, жазғы квест ойындарымен қатар «Дұрыс тамақтану» күнін ұйымдастыру да жоспарлануда.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды