«Полк баласына» қамқорлық
Жаңалықтар
08.06.2018, 16:17
Жамбылдағы әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлері Балалардың құқын қорғау күні облыс орталығындағы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Есімжан Шәбденнің жеке есеп-шотына 315 000 теңге аударды.
«ӘТЖК» АҚ Тараз филиалының директоры Бауыржан Төлепбергенов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Данияр Қойбақов, бас бухгалтер Айгерім Ерментаева және кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Баймұрзаева бастап барған топ бұдан бөлек 12 балаға сый-сияпат жасады. Ал Есімжанның есеп-шотына аударылған қаржы сертификатын Бауыржан Төлепбергенов балалар үйінің директоры Айжан Мейірхановаға табыс етті. Бүгінгі күні бесінші сыныпта оқитын Есімжан күзетшілердің «полк баласы» десек болады, оның есеп-шотына бұл қаржы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» бағдары аясында өтеусіз қаражат көмегі ретінде аударылады. Және Есімжан 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын осындай көлемде қаржы аударылып отырады. Және болашақта Есімжанның жоғары оқу орнында оқуы және жұмысқа тұруы да Әскерилендірілген темір жол күзеті мекемесінің назарында болады деген сөз. Сондай-ақ, мекеменің кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Баймұрзаеваның айтуынша, мерекеге орай мекемедегі 15 көпбалалы отбасыларға 10 мың теңге көлемінде қаржылай көмек беріліпті.
– Жыл бойына балалар үйінде өтетін әрбір шараның бел ортасынан табылып, қолынан келгенше көмек беріп отырған Әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Осындай ел азаматтарына қарап бой түзеген балаларымыз ертеңгі күні жақсы азамат болып өсетіне сенімдімін, – дейді Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің директоры Айжан Мейірханова.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды