Қуат көзінің қауіпсіздігі сөз болды

Жаңалықтар
12.06.2018, 11:52
Оқуға 2 мин
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының бастамасымен Шұбарқұдық станциясында қауіпсіздік және еңбек қорғау аясында «Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру» деген тақырыппен дәстүрлі семинар-кеңес болып өтті. Қуат көзімен қамтамасыз етушілер басын қосқан аталған шара өндірістегі қауіпті жағдайларды, жарақатты болдырмау және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Жыл сайын осы мезгілде қолға алынып келе жатқан семинарда болашақта жасалатын жұмыстар да сөз болады.  Осы жолғы шараға барлық электрмен жабдықтау аудандарынан 25 адам қатысты. Бағдарлама бойынша түске дейін теориялық жұмыстар, түскі үзілістен кейін практикалық жаттығу өткізілді, сонымен қатар, қызметкерлердің шеберліктері пысықталды. Алғашқы сөз кезегін алған шараны ұйымдастырушылардың бірі Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев шараның бағдарламасына тоқтап өтті. Оның пайымынша, қазіргі таңда жалпы электрификация және энергетика департаменті бойынша өндірістік жарақаттар саны азаймай тұр. «Мысалы, 2016 жылы электрификация және энергетика саласы бойынша 7 оқиға болған, оның ішінде 1 адам өндірістік жарақаттан қаза болған. 2017 жылы 8 оқиға орын алған, абырой болғанда, адам өлімі болмаған, бірақ әртүрлі өндірістік жарақаттарға жол берілгені рас», – деді өз сөзінде дистанция басшысы. Сөз кезегі мекеменің бас инженері Қуаныш Әленовке келгенде, ол Ақтөбе дистанциясы бойынша соңғы бес ай көлемінде қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жасалып жатқан жұмыстар барысына тоқтап өтті. «Осы жылдың бес айында да, өткен жылдың осы уақыт аралығында да дистанция бойынша өндірістегі жарақат алу дерегі тіркелмеді. Өндірістік-техникалық блок арнайы киіммен қамтамасыз ету жөніндегі уақытылы тапсырыс жасап келеді. Зиянды өндіріс орнындағы қызметкерлерді емдік-профилактикалық өніммен қамтамасыз етіп келеді. Өнеркәсіптегі қауіпсіздік жөніндегі нормативтік актілерге түзету енгізілмеді», – деді Қуаныш Әленов. Өз кезегінде қонақтарды қабылдап отырған тарап – Шұбарқұдық электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы өздеріне қарасты учаскеде атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Мәселен, 2017 жылы Темір телімінде, Шұбарқұдық пен Қандыағаш аралығында электр қуатын жеткізетін жаңа қондырғылар орнатылған. Сонымен бірге, Шилісай, Қарауылкелді мен Сағыз телімінде электр қондырғыларының алмастырылғаны айтылды. Семинар-кеңеске қатысушылар Шұбарқұдық электрмен жабдықтау желілік ауданының жұмыс орындарын аралап шықты. Мұндағы электр қондырғыларының жағдайымен танысты. Сонымен бірге, оқу-жаттығу полигонында болған меймандар наряд беру, инструктаж, жұмыс орнын дайындау, рұқсат беру, жұмысты тындыру, наряд жабу секілді процестерді пысықтады. Шара соңында теміржолшылар пікір алмасып, ұсыныстар айтты. Семинар-кеңесті қорытындылаған Сәкен Орынбаев тәжірибе мен ақпарат алмасуға арналған семинар сабақ әріптестер үшін тиімділігін береріне сенім білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі. 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды