Арыс – теміржолшылар қаласы
Орта Азия қақпасы атанған тоғыз жолдың торабы Арыс станциясы 1904 жылы 5 жолмен ашылған станция екен. 114 жылдан бері жүк және жолаушы тасымалына үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан Арыс станциясының аты атақты теміржолшыларымен де мәшһүр болған.
Талай Еңбек Ері, құрметті теміржолшы шыққан Арыста теміржолшы кәсібі атадан балаға мирас болғалы да жүз жыл, бүгінде әулеттерімен теміржолшы атанған отбасылар жетерлік. Олардың қатарында, мысалы, Ақылбековтар, Найымбаевтар, Тоқсейітовтер, Дербісевтер, Рысбековтар әулеттерінің бүгінде төртінші, бесінші буыны теміржолда, кешегі ата кәсіпке адалдық танытып жүр.
Жалпы, арыстықтар үшін теміржолшы – мәртебелі мамандық. Өз еңбек жолында талай белеске шығып, ұжымның құрметіне бөленген жандар аз емес. Арыс станциясын кезінде бүкіл одаққа танытқан Социалистік Еңбек Ерлері Әуесхан Салықбаев, Әбдуәлі Балғынбеков аталарымыз болса, кейінгі буыннан Құрметті теміржолшы атанған станция кезекшілері Ж.Кұлтасов, Т.Назарбаев, дөңес кезекшісі Қ.Маханбетов, вагон жылдамдығын реттеушілер Қ.Қосалиев, П.Жолдасов, станция бастығы Бөгенбай Тоқсейітовтер еселі еңбектерінің нәтижесінде станция жұмысын алға бастырып, жұмыс көрсеткішін жақсартуға атсалысып келеді. Бүгінде 300-ден аса адам еңбек ететін бір ғана станцияда «теміржолым – өміржолым» дегенді ұран етіп еңбектеніп жатқан талай әулеттің өкілі бар.
Солардың ішінде, мысалы, осында 35 жылдан бері тер төгіп келе жатқан Жайлау Рысбековті айрықша атар едік. Ағасы Дүйсен, әкесі Қайболда бастаған теміржолда қазір барлық бауырлары еңбек ететіндіктен, олардың теміржолдағы еңбек өтілі 250 жылдан асып кеткен. Әріптесіміз Жайлау 1984 жылы осы Арыс станциясына пойыз құрастырушының көмекшісі болып жұмысқа орналасқаннан бері жұмыстың қыр-сырын меңгеріп алған соң, артындағы інілерін де осы салаға бейімдеп, талайын теміржолшы етіп шығарды. 1985 жылы пойыз құрастырушы, 1987 жылы станция кезекшісі, 1990 жылдан қазіргі таңға дейін станция диспетчері міндетін атқарып жүр. Жайлаудың әйелі Айман Рысбекова болса станцияда тасымал құжатын өңдеуші оператор. Екі ұл, бір қыз өсіріп, олардың қызығын көріп, немере сүйіп отырған ашық та жарқын, өнегелі отбасы. Бауырларының бірі Тасқын – станция кезекшісі, Әли – дөңес кезекшісі, Талғат – пойыз құрастырушы.
Әулетте аға сөзі заң. Інілері алдынан қия кесіп өткен емес. Теміржолдан өсіп- өніп отырған әулет кез келген мәселені, мысалы, біреуінің баласы мектеп бітіріп мамандық таңдауы қажет болса, немесе бірінің ұлы үйленіп, қызы тұрмысқа шығатын ойы болса, тіпті әулеттің бір мүшесі жұмысын ауыстырғысы келсе де бәрі бас қосып, ақылдасып шешеді. «Бауырларым мен келіндерімді шақырып, мәселені ортаға саламыз. Әрқайсысының пікірін сұраймыз. «Келісіп пішілген тонның келте болмайтыны» белгілі. Шүкір, одан жаман болған жоқпыз, екі сылтау, бір желеумен басымыз қосылып арқа-жарқа болып қаламыз», – дейді Жайлау.
Отыз жыл бір саланың «жілігін шаққан» тәжірибелі маман 2000 жылы «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталса, теміржолдың 100 жылдығы мерейтойында атаулы сағат алыпты. Тәжірибелі маман теміржолшының ауыр да мазасыз еңбегі тіпті де оңай емесін айтады
Үлкен бір әулеттің ағасы, биыл 56 жасқа шыққан кейіпкеріміз «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары демекші, мен үшін жер бетінде Арысыма жететін жер жоқ» деп туған жерін мақтан тұтатынын жасырмайды.
Базаркүл ТАСМҰРАТОВА, Арыс станциясы
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды