Бірінші байлық...
Жаңалықтар
12.06.2018, 12:21
Теміржолшылар денсаулығының дұрыстығы – қозғалыс қауіпсіздігінің кепілі. Яғни, дені сау адам ғана еңбек процесін қалыпты жүргізе алады. Жуырда «Атырау темір жол ауруханасы» ЖШС өкілдері мен өлке теміржолшылары кездескен жиында тараптар осындай қорытындыға келді.
Жиынға «Атырау жүк тасымалы» бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Қартан бастаған теміржолшылар, кадр мамандары және қауіпсіздік инженерлері, аурухананың директоры Серік Досжанов бастаған дәрігер-мамандар қатысты. Негізгі мәселе – теміржолшылар денсаулығы. Жиында сөз алған Б.Қартан басқосудың басты мақсаты – теміржолшылардың денсаулығын тексеретін аурухана дәрігерлері және басшылығымен жүзбе-жүз сөйлесіп, қордаланған күрмеулі мәселелерді бірлесе шешу, сөйтіп ортақ мәмлеге келу деп атап өтті.
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, негізгі мәселе теміржолшылардың жыл сайын медициналық тексеруден өту кезіндегі жайттар екен. Әсіресе, облыс орталығынан шалғайдағы аудандарда, станция, деполарда еңбек ететін теміржолшылар, соның ішінде локомотив депосының машинистері мен көмекшілері тексеруден жергілікті жерден өтеді. Аурухана дәрігерлері сол жерлерге барып тексеруден өткізеді. Алайда, медициналық қорытынды 1 аптадай уақыттан соң, Атырау қаласына алып кетіп, егжей-тегжейлі қараған соң беріледі. Ол жұмысқа кедергі келтіреді. Себебі, тексерістен кейін қызметкердің кейбірін кері қалаға шақыртып, қайта тексереді. Бұл жұмысшыларға қолайсыз. Мақат ТЧЭ-4 депосының персоналдар менеджері Қ.Балабевтың айтуынша, ол локомотив бригадаларының дұрыс режимде жұмыс жасауына нұқсан келтіреді. Өйткені, медициналық қорытындысыз жұмысқа қосуға болмайды, қоспауға тағы амал жоқ, өйткені оларды алмастырып отыратын адам жоқ. Жұмыс тоқтамауы тиіс. Сондықтан ол кардилог, профпотолог мамандарды тексеру кезінде қатыстырып, қорытындыны сол күні бергенді жөн санайды. Ал дәрігерлер болса, ондай мүмкіндік жоқ, аппараттардың бәрі қалада екенін алға тартады.
Жалпы, тексерудің локомотив депосы ғимаратының тар бөлмелерінде өтуі оның сапасына әсер етеді дейді теміржолшылар. Сондықтан, басқа жерде өтуі тиіс. Мұның бәрі әуел бастағы келісім-шарттың дұрыс жасалмағандығынан болып отырғандығын айтады бас дәрігер С.Досжанов. «Алға қарай барлық теміржолшылар жылына бір рет өтетін медициналық тексеруден Атырау қаласындағы темір жол ауруханасынан өтуі тиіс. Барлық тексеру аппараттары осында, оның бәрін ауданға тасып апару мүмкін емес. Екіншіден, сапалы тексеруден өткен жұмысшы сапалы жұмыс жасай алады. Ол үшін амбулаториялық картасы болуы міндетті. Сауы не аурулығы анықталмаған адамды жұмысқа қосу қауіпті» дейді ол. Дәрігердің айтуынша, теміржолшылар арасында қан қысымының жоғарылығы мен көз нашарлығы басым екен. Қант диабеті, созылмалы гастрит, жүрек талмасы, т.б. ауруы бар адамдар кездеседі. Бірақ оларды сондай ауруың бар екен деп жұмыстан шығарып тастауға болмайды, мүмкіндігінше жеңіл жұмысқа ауыстыруды қарастырған жөн. Шындығында, көпшілігі ауруын жасырады, бәрі де жұмыс жасап, ақша тапқысы келеді. Бірақ оның салдарын ойламайды дейді дәрігерлер.
Бір темір жолдың айналасында жұмыс жасап жүріп, басқа лауазымға ауысқанда, мәселен, магистральдық желі бөлімшесінен тасымал бөлімшесіне, медициналық тексеру неге ақылы дейді мамандар. Олай болатын себебі, есеп шоттары басқа екен. Көз дәрігерінің ақылы болатыны да бұрынғы шартта солай қаралған-мыс. Бөлімшенің басқару аппараты мамандары тексеруден тұрғылықты жерден өтеді. Алда жаңа келісім-шарт жасақталғанда бәрі де темір жол ауруханасынан өтетін болады деп келісілуде. Ал, жұмысқа жаңа тұрып жатқан адамдар медициналық тексеруден ақылы түрде өтеді екен. Соның өзіне 16-22 мың теңге шамасында ақша кетеді. Ол жұмысқа жаңа қосылатындар үшін әжептәуір қаражат дейді кадр мамандары.
Дәрігерлер кадр мамандары еңбекке жарамдылық қағазын қарап отырып, оларға мониторинг жасап отырғаны жөн деген пікір айтты. Кімнің қандай аурумен ауырғаны, қашан және қалай емделгенін біліп отыру үшін. Еңбекке мүлдем жарамсыз адамдарды жұмыстан шығару кезінде түсіндіру жұмысын жүргізіп, психологиялық тұрғыда дайындау қажеттігі де айтылды. Жиын соңында кадр мен қауіпсіздік инженерлері және дәрігерлер үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс жасайық деген мәмлеге келді.
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды