Инфрақұрылым сауықтырылуда

Жаңалықтар
15.06.2018, 17:22
Оқуға 2 мин
Теңіз бен түзді тоғыстырған түбек таяу жылдары көліктік логистиканың ірі орталығына айналатыны сөзсіз. Бұл бағытта соңғы кездері жүргізіліп жатқан жұмыстар шаш етектен.    Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы соңғы кезде жал табанын сауықтыруға ерекше көңіл бөлініп, жалпы инфрақұрылымның жаңғырып жатқанын айтады. Ең басты жаңалықтың бірі – осы айда Бейнеу стансасында белгі беру және байланыс дистанциясының ашылатыны. Бұл мекеменің жұмыс қамту аймағы Бейнеу-Тассай, Бейнеу-№9 бекет аралығы болмақ. Сондай-ақ жыл басында жазғанымыздай, Жетібай-Өзен, 118-136  және 177-179 шақырымдар аралығында барлығы 20,055 км теміржолға күшейтілген-орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Мақсат Р-43 типті рельсті Р-65 рельсіне, жер төсемінің құрылысын  топырақтан қиыршық тасқа ауыстыру болатын. Міне, нәтижесінде жүктерді үлкен салмақта жіберу мүмкіндігі тағы да артып отыр. – Бүгінгі таңда №5 бекеттен №6 бекетке дейінгі теміржол күрделі жөндеуден өткізілуде. Оның ішінде түйіспесіз жолды салу жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша 36 жұп рельс бунақтары салынады. Қазірге соның салынғаны 13 жұп рельс бунақтары, 47840 дана жаңа темір-бетонды шпал, 75400 м3 қиыршық тас төселді. Осы жұмыстар толық біткен соң тамыз айында жолды нығайтып, тегістеп, әрлеп жөндейтін ДУОМАТ, ДГС, ПБР кешенді техникалары жұмыс жасайды деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар  №15-16 бекеттер аралығында теміржолға күрделі жөндеу жұмыстары да жүруде. Оған да 35 жұп рельс бунақтары төселмек. Бүгінге дейін соның 10 жұбы және 45264 дана жаңа темірбетонды шпал, 71340м3 қиыршықтас, 172 дана көпірге арналған жаңа темірбетонды шпал салынды. Сондай-ақ, №11-12 бекеттер бойынша 258-280 км арасында да жол табанын сауықтыру жұмыстары жүріп жатыр, – деп ақпар берді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Аслан Назаров.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды