Белсенділер еңбегі еленді

Жаңалықтар
19.06.2018, 14:22
Оқуға 2 мин
Семей ЖТ бөлімшесінде кәсіподақтар күні аталып өтті. Салтанатты шараға бөлімше басшылығы, станция бастықтары мен қоғамдық жұмыста белсенділігімен танылып жүрген қатардағы теміржолшылар жиналды. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев пен магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов баршаны атаулы күнмен құттықтап, салалық кәсіподақ қызметінің жемісті болуына тілек білдірді.  «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов келелі баяндама жасады. Алик Тұрсынұлы өз сөзінде әсіресе соңғы жылдары қоғамда кәсіподақтар жұмысының зор маңызға ие болып отырғанын айта келіп, еңбек адамының мүддесі мен құқын қорғауда кәсіподақтар мықты күшке айналғанын, бұл бағытта теміржол саласында да ілкімді істер барын жеткізді. – Елбасы Н.Назарбаев әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, еліміз бойынша салалық қызметтегі жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, еңбек дауларын реттеуге кәсіподақтардың қатысуына үлкен көңіл бөлу қажеттігін нақты тапсырған болатын. Бұл ретте ұлттық компания тарапынан зор қолдау бар, – деп атап өткен Досанов, жергілікті кәсіподақ ұйымдарының қызметі, атқарылған қадау-қадау шаралар жайында тоқталды. Сонымен қатар, жиын барысында кәсіподақ саласының ардагері, Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымын ұзақ жылдар бойы басқарған Серіктай Жүкенов те сөз алып, байырғы әріптестеріне құттықтау тілек білдіріп өтті. Теміржолшылар өмірінің мәнді де сәнді болуы үшін кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкерлердің қатары мол. Осынау салтанатты шара барысында солардың бірқатары марапатқа кенелді. Оларға салалық кәсіподақ атынан берілген Алғыс хаттарды бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы арнайы табыс етті. Олардың қатарында жергілікті «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкова, Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ төрағасы Асхат Жармұхаметов, Жаңасемей жол дистанциясының кәсіподақ ұйымы төрайымы, қоғам белсендісі Зульфия Еникеевалар болып, мерейге бөленді. Сондай-ақ, Жексенбай Жолдоболинов, Амантай Қатпенов, Талғат Тоқсейітов, Ақмарал Сағынбаева, Айгерім Тоқпанова, Әлия Уәлиева, Рустам Мұхаметжанов сынды теміржолшылар да сый-сияпатқа кенеліп, алғыс иегерлері атанды.   

Қуаныш Қожаев, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды