Қызметтік көлікке қол жеткізді
Тозығы жеткен техниканың жүргенінен ақаумен қаңтарылып тұрғанын көре-көре көздері үйреніп, қызметтік көлікке иек артудан да қалған "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімі жұмысшыларының қуанышында шек жоқ...
"Жол азабын жүрген біледі" демекші, күнделікті жұмысқа бірнеше шақырымды артқа тастап, күнде бір әуре-сарсанмен жететін қызметкерлер енді жұмысқа су жаңа "ПАЗ" маркалы автобуспен қатынайтын болды.
– Мұның алдында ескі Газель, одан бұрын ескі АБЗ маркалы автобус болды. Техникалық жағдайына байланысты олардың жүруінен тұруы көп еді. Үйге бірде жетсек, бірде жолда қалатынбыз. Таксимен жүру қалтаны қағады, сондықтан ауыл мен қалааралық қоғамдық көліктерге шығатынбыз. Өзім осында 2008 жылдан бері жұмыс істеймін. Ақтау қаласында тұрамын. Қалаға мекемемізге жақын ауылдан №103 автобусына, ол болмаса станцияның басына дейін жаяу жүріп кетіп №105 маршрутына отыратынмын. Ақтауға солай жетіп, әрі қарай үйге басқа көлікпен жететінмін. Шаһар мен станцияның арасы шамамен 20 км асады. Қоғамдық көліктің бағытымен ол жол одан да ұзара түседі. Осылай уақытымыздың бәрі жол үстінде өтетін. Әйел кісі болғандықтан отбасы бар, балаларды таңертеңгі оқуға, бақшаға жіберіп, алып келу, күтіп алу керек дегендей. Көлік жоқта мұның біріне үлгермейтінбіз. Енді міне, қызметтік арнайы көлік шықты, жұмысқа еш қиындықсыз барып-келеміз, – деп қуанышымен бөлісті жұмыстан шығып, жаңа автобуспен үйіне кетіп бара жатқан "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімінің еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Айтбибі Аңғарбаева.
Қызметтік автобус күніне төрт мезгіл, күндізгі және түнгі ауысымда өз жолаушыларын тасымалдайды. Ол үшін екі жүргізуші бекітілген, олар сырттан емес, сол мекемеде жұмыс істейтін, автобус жүргізуге куәлігі бар теміржолшылардан таңдалған.
– Қызметкерлеріміз тек Ақтау емес, жан-жақтағы Батыр, Қызылтөбе, Маңғыстау 1,2,3,4,5 сияқты елді мекендерден де қатынайтын болғандықтан оларды тасымалдау үшін автобус күніне 200 шақырымға жуық жол жүреді. Жанармайы талонмен мезгілінде беріледі. Оның пайдасын біз ғана емес, бізбен бір ғимаратта орналасқан, бір бағытта қатынайтын "Жолаушылар тасымалы" мекемесінің жұмысшылары да көруде. Олар да риза. Автобус жылдың бірінші тоқсанында 9 миллионға жуық теңгеге алынған болатын, – дейді "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімінің басшысы Нұркен Қайров.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды