Біліктілікке басымдық берілген  

Жаңалықтар
22.06.2018, 12:28
Оқуға 3 мин
Жамбыл темір жолына қарасты екінші санаттағы Бурыл станциясы облыс орталығы Тараз қаласының аумағында орналасқан. Сондықтан, мұнда жаяу жүргінші халықтың қауіпсіздігі қашан да басты назарда.  Оның үстіне «Станция бастығының жылына» орай мұндағы сауықтыру шаралары да ауқымды жүріп жатыр. Станцияда негізінен жүк тиеліп, түсіріледі. Көбіне халық тұтынатын тауарлар тиеледі. Сондықтан, облыс орталығындағы кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жүргізеді. Қазір, мысалы, науқанды көкөніс тиелуде. –  Әрине, біз жергілікті кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс жасауды әбден меңгергенбіз деуге болады, олардың сұранысын қанағаттандыруда барлық шараларды қолға алып отырмыз. Жыл он екі ай жүк тиеу және түсіру көлемі бірқалыпты. Жүк тиеу көлемі тәулігіне – он-он бес вагон. Ал жүк түсіру көлемі отыз вагонға дейін жетіп жығылады кейде, – деп ақпар берді станция бастығы Айдын Сейтбенбетов. Биылғы «Станция бастығының жылына» орай станция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шаралары күшейіп отыр екен. Станция бастығының айтуынша, бекітілген кестеге сәйкес техникалық оқуға басымдық берілген. Халық тығыз орналасқан  елді мекендердегі секілді мұнда да қауіпсіздік мәселесіне бірінші кезекте көңіл бөледі. Станция қала ішінде орналасқандықтан тұрғындар екі беттен де мектепке, жұмысқа, тіпті базарға өтеді. Бұл жерде бір ғана қызметтік жол бар. Тұрғындар сол жолмен жүреді. Әу бастан станцияда жаяу жүргіншілерге арналған жол қаралмаған екен. Алайда, бүгінде станция аумағынан жаяу жүргіншілер легі көп өтетін болғандықтан, өтетін жол немесе көпір қажеттігі көптен айтылып жүрді.   Жуырда осы округтен сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Нариман Мауленовтің ықпал етуімен қажетті құжаттар жасалып, заң Астанадан рұқсат алып, арнайы жол белгілерін қойып, жаяу жүргіншілер өтетін өтпе пайда болғаны жайлы өткен бір санда жазған болатынбыз. Бетон құйылған жол рельстерге кедергі келтірілмейтіндей етіп ыңғайлы да қауіпсіз жасалған. Содан бері адамдар, бала арбалары мен велосипедтер де осы жол өтпесінен өтетін болыпты.  Ал мал басының темір жол бойына шығуы Бурылда сирек көрінеді. Бұрын мал базары осы маңда орналасқан кезде ондай жағдай ішінара кездесіп тұрған. Қазір мал базары басқа аумаққа көшірілгелі, әрі тұрғындар мал басын қала ішінде ұстамайтын болғандықтан, төрт тұяқты бұл маңда жоқтың қасы.   – Оның үстіне темір жолға жақын орналасқан үй тұрғындары мен мектептерге жиі барып, кездесулер ұйымдастырып, қауіпсіздік жайын естеріне ұдайы салып отырамыз. Бұл мақсаттағы жұмыста жергілікті билік өкілдері де көмек беріп отыр. Станцияда сегіз жол бар. Бірінші жол негізгі. Қалғаны қабылдап алу және жөнелту шараларына арналған. Жамбыл-Жаңатас бағытындағы қала маңы жолаушылар тасымалы станция үстінен өтеді. Аптаның бейсенбі күнінен басқа күндері тұрақты жүріп тұратын жолаушылар пойызы станция басына үш минутқа тұрақтайды. Асқаров көшесінің соңындағы орталық базар мен «Ауыл-Береке» базары станцияға жақын орналасқандықтан тұрғындар осы станциядан мінеді. Ал, ол тұрғындар үшін өте тиімді. Жолаушылар тасымалының бағасы қалтаны да қақпайды, – дейді станция бастығы. Жалпы, Бурыл станциясы орналсқан жер – бау-бақшалы, жасыл желекке малынған табиғаты әсем. Станция маңында канал бар. Көктемгі және күзгі тазалық айларында теміржолшылар жергілікті әкімдікпен бірлесіп каналды тазартып, айналасын  абаттандырып тұрады екен. Дегенмен, осы каналды жағалай отырған тұрғындардың салғырттығынан канал жағасы тұрмыстық қалдықтарға жиі толып қалатынына қынжылыс білдіреді станциялықтар.  Шағын болса да шаруасы шаш етектен станция басында құрамалар қозғалысы күндіз-түні бір тынған емес. Станция бастығының мәліметіне сенсек, соңғы жылдары бөлімше бойынша жақсы көрсеткіштерімен көзге түсіп, алдыңғы лектен көрініп отырған Бурылдың биылғы жылды табысты қорытындылауына барлық негіз бар.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды