Табылған ақыл
Елорданың көркін ашқан заманауи ғимараттың бірі де бірегейі – «Астана – Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешеніне алғаш келдіңіз бе, осындай алып ғимаратта адасып кетемін деп қорқасыз ба? Кешен туралы толығырақ білгісі келетіндерге арнап вокзал ұжымы әлеуметтік желілер арқылы «Вокзалмен танысу – Бейімбет Ұлазбекпен» атты бейне жобасын таратуда.
Вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжоловтың айтуынша, ұжым болып қолдаған бұл бастаманы вокзал кезекшісі, теміржолдағы КТК – көңілді тапқырлар клубының мүшесі Бейімбет Ұлазбек жүзеге асыруда. Өз күштерімен инстаграм желісіне лайықтап дайындаған 1 минуттық арнайы бейнероликтің бірінші нұсқасында вокзалдың алғашқы жолаушылары үшін бейтаныс кіреберіс, шығаберістері таныстырылған. Көрерменді жалықтырмай, тарта білу үшін шағын бейнеүзікке әзіл араластырылған.
– Бұл бір жағы өз қызметкерлеріміздің бойындағы әуесқойлық қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытып, қолдау көрсету үшін қолға алынып отыр. Теміржолда қауіпсіздікті сақтап қана қоймай, белсенділігімен, энергетикасымен көзге түсетін таланттар баршылық. Солардың осындай жұмысын инстаграм желісіндегі Nurly_zhol парақшасында салып отырамыз. Сонымен қатар оны басшылықпен келісе отырып, ҚТЖ сайтында да жариялау көзделуде, – дейді Н. Аманжолов.
Бейнероликті дайындауда оны кәсіби фото-бейне түсіріліммен қамтамасыз ету, мәтінін дайындау, соны жұмыс формасын киіп, көңілді етіп камера алдында орындау тараздық Бейімбетке еш қиындық келтірмейді. Теміржолшылар династиясынан шыққан ол алғашқы қызметін Жамбыл депосында слесарь болып бастап, былтыр жаңа вокзал ашылғанда осында кезекші болып ауысыпты. Әрине, жаңа заман талабына сай вокзал қызметкері болу үшін арнайы оқытылған. Ролик мәтінінде ол әуелі өзін таныстыра келе: «Бұл вокзалға келу үшін негізгі екі көше бар, олар: Ахмет Байтұрсынов және Жұмекен Нәжімеденов. Ал вокзалға кіретін 6 кіреберіс бар, олар: 3F, 3G, 4F, 4G және де бірінші, екінші кіреберістер. Негізі вокзалдың алды ол аялдама орналасқан беті», – деп тәптіштей түсіндіреді.
– Жобамыздың келесі санын вокзалдағы жолаушыларды тексеруден өткізетін қызметке (досмотр) арнағалы отырмыз, не үшін жүргізіледі ол, қауіпсіздік үшін қаншалықты тиімді екеніне тоқталамыз. Өзім теміржолда 2012 жылдан бері еңбек етудемін. Теміржол жайдарманшылары құрама командасының капитанымын. Атам 42 жыл теміржолда жұмыс істеген, Құрметті теміржолшы белгісінің иегері. Отбасымызда бәрі теміржолшы. Арман қуып Астанаға келген жастардың бірімін, Елорданың еңсесін асқақтата түсуге тарыдай үлес қосу – мақсатымыз. Мына жобаны үш жігіт болып жасап жатырмыз, әлеуметтік желіде оқырмандар пікірі жоғары, – дейді Бейімбет.
Ал вокзалдағы негізгі қызметі – жолаушылардың келіп-кетуін қадағалап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көрсету, қажет болса пойызға дейін шығарып салу, мүгедек жандар болса, арбаға отырғызып, вагонға мінгізу, т.т. қысқасы, жолаушыға қызмет көрсету. Оларға қазірде қойылатын талап – үш тілді жетік меңгеру. Сондықтан Бейімбет те шетел тілін меңгеруге ден қойған.
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды