Екі дүние есігі Түркістанда...

Жаңалықтар
26.06.2018, 11:57
Оқуға 3 мин
Шымкент теміржол бөлімшесінің Қызылордамен шектесетін ең соңғы нүктесі – Түркістан станциясы. Мың жарым жылдан астам тарихы бар ежелгі түркі  жұртының астанасына теміржол тартылғалы да ғасырдан асқан. Өткен ғасырдың басында салынған Орынбор–Ташкент теміржолының бойында жатқан көне қаланың теміржол станциясын талай жылдардан бері басқарып келе жатқан  Қадыр Сырлыбеков  бастаған теміржолшылар Түркістанның облыс орталығы статусын иемденгенін зор қуанышпен қарсы алды. Күрежолдың бойында жатқан ер түріктің бесігі күллі әлемге мәшһүр атағымен-ақ жоғары статусқа лайық деп санайды олар. Ал теміржолшылар үшін қаланың облыс орталығына сай өсіп-өркендеуі жүк тасымалының өсуіне сеп. Түркістанға теміржолшы кәсібінің мықтап енгеніне де ғасырдан асқан. Станция ұжымның 70 пайызы жасы елуден асқан, өз ісінің шеберлері екен, басым бөлігінің еңбек өтілдері 20-30 жылды құрайды. – Бүгінде ұжымда 132 адам еңбек ететді. Станция ұжымы халық шаруашылығы жүктерін тасу жөніндегі бес айлық жоспар мен жүк түсіру жоспарын 100 пайызға орындаса, вагон айналымы 106 пайызға, пойызды қабылдап-жөнелту 100 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ, өңделген транзитті вагондар – 105, өңделмегені – 100, бір жүк операциясында вагонның бос тұруы102 пайызға орындалып отыр. Нақты сандарды сөйлететін болсақ, бес айда 1301 вагонның орнына 1352 вагон айналымда болған. Тәулігіне 13 пойыз қабылданып, тағы сонша пойыз жөнелтілген. 25-тің орнына 28 вагоннан жүк түсіріліп, 9-дың орнына 16 вагонға жүк тиелген, яғни жөнелтуі тиіс 647 тонна 853 тоннаға артқан. Вагондардың статистикалық жүктемесі 53,2 тоннаны құрап отыр. Дөңестен 486 орнына 490 вагон тасталған. Жұмыс паркінде 172  вагон тұруы тиіс болса, нақты іс жүзінде 196 вагон болып, меже 88 пайызға орындалды. Бір жүк операциясы кезінде вагондардың бос тұруы 16,7 сағатты құрауы тиіс болса, нақты іс жүзінде 21 минутқа ғана ұзарып, яғни 16,28 сағатта орындалған, – деп  мәлімет берген станция бастығы Түркістан қай кезде де бөлімше бойынша алдыңғы саптан көрініп келе жатқанын жеткізді.    Қадыр Сырлыбековтің айтуынша, станциядағы барлық саланың жұмысы нормативтік талаптарға сай атқарылады. Мәселен, еңбекті қорғау мен санитарлық- сауықтыру іс-шараларын  жақсартудың кешендік жоспары әзірленген. Ол жоспардың орындалуы ай сайын топ жиналысында бақыланады. Кешегі мамыр айында станцияда жазатайым оқиға орын алмаған. Осы айда жұмысшылардың еңбек жағдайын қаншалықты сақтайтынын білу мақсатында екі рет түнде, екі рет күндіз шұғыл тексеру жүргізіліпті.  – Телеграммалар негізінде жұмысшыларға әуелі өзге аумақтарда орын алған өндірістегі жазатайым оқиғаларды түсіндіреміз. Біліп тұрса да, арқасын кеңге салмай жинақы жүру үшін мамандардың еңбекті қорғау нұсқаулықтарын қайталап сұраймыз. Кешегі мамырда 2 рет №856-ЦЗ және №605-Ц бұйрығына сай еңбекті қорғау жөніндегі техникалық сабақ жүргізілді. Сонымен қатар, бөгде адамдардың жол бойында бей-берекет жүрмей, белгіленген орындармен өтуі үшін «Жолда адам» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол жүйені атқаруға барлық теміржолшылар мүдделі болғандықтан, ай сайын станцияның топ жиналысында ескертіледі - деген станция бастығы қауіпсіздіктің сақталуы үшін мүмкіндіктің бәрі жасалатынын жеткізді. Вокзалда пойыз тоқтап тұрғанда теміржол бойында жүрудің ережесі дауыстық хабарлама арқылы таратылады.  Жол бойына 18 қауіпсіздік белгісі жаңарып,  20-сы жаңадан қойылған.  – Тағы бір айта кететіні, еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, жұмыс орындары мен өндірістік нысандарын тексеріліп, аттестациялаудың кестесі бекітілді. Еңбек қорғау инженері әр жұмысшының күн сайын медициналық тексеруден өтуін қадағалайды. Қызметкерлер уақытылы арнайы киімдермен және  жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, – деп сөзін аяқтады станция бастығы.   Жыл он екі ай жүк және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамамтасыз етіп отырған бекет ұжымы алдағы уақытта облыс орталығының теміржол торабы да жанданып, қозғалыс артатынын болжап отыр. 

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Түркістан станциясы

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды