Тастүйін дайын
Астанадан шығып ел шығысын бетке алған №154 жолаушылар пойызы Семей теміржол вокзалына келіп тоқтағаны сол еді, медициналық бетперде киген желілік полиция мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері вагондардың бірін қоршап алды...
Нұсқау берушілер арасында жүгіре басқан төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілдері де бар. Дәл осы сәтте перронға келіп тоқтаған жедел жәрдем көліктерінен арнайы киімдер киген Семей бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, қалалық инфекциялық емхана дәрігерлері, т.б құзырлы мекемелер мамандары түсіп, оқшауланған вагонға жеделдете басып кіріп жатты. Мұнда жолаушы әйел «тырысқақ» ауруына күдікті ретінде танылған болатын. Мамандар шағымданушыны қарап шығып, оны жылдам арада жедел жәрдем ауруханасына алып кетуді ұйғарды. «Сырқат» көлікке отырысымен, Ұлттық сараптама орталығының Семей қаласы бойынша филиалының дезинфектор қызметкерлері вагон ішіне еніп, залалсыздандыруға кірісті.
Ал, желілік полиция мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері вокзал аумағын толық қоршауға алды. Вокзал кезекшісі перрондағы жолаушыларды да дүрмек тудырмау үшін хабарландыру жасап, сақтандырды. Ал «сырқатты» тексеру, оқшаулау, вагон ішін залалсыздандыру – бар жоғы 15 минуттың ішінде сәтімен аяқталып, жолаушылар пойызы бағытымен жолға шықты.
Аңдағандарыңыздай, бұл оқу-жаттығу сабағы болатын. Іс-шара аяқталысымен қатысушы тарап талқылау-сараптау мәжілісін өткізді. Жиынға вокзал мекемесінің өкілдері, желілік полиция, әскерилендірілген күзет, Семей станциясы қызметкерлері, т.б. теміржол саласының мамандары қатысты. Талқылау жиынын жүргізген Семей бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Г.Кембаева шара барысындағы оң әрекеттер мен қателік деуге болмайтын, бірақ, кемшін тұстарға да тоқталды. Сондай-ақ, кеңес барысында өзге де қатысушылар сөз алды.
– Мұндай оқу-жаттығу сырттай қарағанда, вокзал қызметкерлері мен дәрігерлердің ғана қатыстылығымен өткізілетін тәрізді көрінгенмен оған теміржолдағы барлық салалық қызмет өкілдері атсалысады. Әрқайсысының өзіндік жүктемесі, жауапты міндеттері бар. Дегенмен де, тосын жайт туындай қалса, теміржол мекемелері дер кезінде бірлесіп әрекет ете алатындықтарын толық дәлелдеді, – дейді аталмыш іс-шара ұйымдастырушыларының бірі Семей бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Мәрзия Ақшалова.
«Жаман айтпай жақсы жоқ» деген. Орта Азия елдері мен Ресейді жалғап жатқан Семей теміржол бекетінде кез келген мезгілде тосын жайт орын алуы бек мүмкін. Алайда, аталмыш оқу-жаттығу іс-шарасы көрсеткендей, теміржол бойындағы мамандар кез келген оқиғаға тас-түйін дайын.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды